Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек

Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек

Қ.Құлетов атындағы №92 мектепте ұйымдастырушы педагог Б.Мырзамұратованың бастамасымен «Мейірімді жүрек» апталығы өткізілді. Онда оқушылар арасында еркін тақырыпта сурет салу, эссе-шығармалар жазу байқауы, «Кітапханаға кітап сыйла» ақциясы ұйымдастырылды.
Апталық «Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек» тақырыбындағы танымдық кешпен қорытындыланды. Шараға ауыл тұрғыны, аудандық «Шапағат» емдеу-сауықтыру орталығының тәрбиеленушісі Олжас Боташов шақырылды. Өзін-өзі тану пәні мұғалімі Н.Байділдаева мен 6-сынып жетекшісі А.Асан Олжасты құрдастарымен ойын-сауық кешеніне апарып, бірге ойнаған сәттерінен дайындалған бейнероликті келушілер назарына ұсынды.
Аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Б.Орымбас: «Адам бойындағы ізгіліктің нұры бастау алатын құндылықтардың ең көркемі – мейірімділік. Ата-аналарыңды үнемі жылы сөзбен және жақсы істеріңмен қуанта біліңдер» деген тілегін айтты. Ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы Ж.Кадірбаева, ардагер ұстаздар Б.Жұмашова, Қ.Байбарақ, А.Қараман тақырыпқа байланысты пікірлерін ортаға салды. Мектеп директоры Б.Тажібаев қонақтарға алғысын білдіріп, кішкентай Олжасқа ұжым атынан сыйлық тапсырды. Олжасты тәрбиелеп отырған әжесі Күлпаш Симан ризашылығын білдіріп, батасын берді.
Жоғары сынып шәкірттері дайындаған «Өмір-ай» сахналық көрінісі мен 4-сынып оқушысы С.Садықтың орындауындағы «Бөбек тілегі» әні көрермендерді ерекше әсерге бөледі.
Бағила ҚАЛДЫБАЙ.

06 қаңтар 2018 ж. 5 677 0

Ұрпағы ұлықтаған Самұрат би

31 желтоқсан 2025 ж. 133

Кәсіпкерлікке қолдау кең

31 желтоқсан 2025 ж. 143

Шаттық сыйлаған шырша тойы

31 желтоқсан 2025 ж. 146

Аудан әкімі ауылдарды аралады

31 желтоқсан 2025 ж. 146

Аудан әкімінің құттықтауы

31 желтоқсан 2025 ж. 148

Жылан жылындағы жақсы істер

31 желтоқсан 2025 ж. 129

Жылқы жылынан не күтеміз?

31 желтоқсан 2025 ж. 151

365 күндегі 100-ші басылым

31 желтоқсан 2025 ж. 129

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031