Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұғыры биік тұлға

Тұғыры биік тұлға

Аудандық балалар кітапханасында Қазақстан Республикасы­ның Тұңғыш Президенті күніне арналған “Біздің Елбасы – біздің мақтанышымыз” атты поэзия кеші болып өтті. Онда аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі Айна Айтжанова әділеттің ақ жолын ту етіп елінің егемендігін, ынтымақты, бірлікті ойлаған, ұрпақ тәрбиесіне мән берген, әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың елеулі еңбегі туралы баяндады.
Кеш барысында Елбасының өмір жолынан сыр шертетін фотосуреттер, кітаптар, қызмет жолындағы еңбектері жинақталған «Тұғыры биік тұлға» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырман қауымға таныстырылды. №249 мектеп кітапханашысы Ш.Нұржанова: «Ел сенген, Елбасы сенген біздің жастарымыз патриот болуы тиіс. Осы ретте жыл сайын атап өтілетін Тұңғыш Президент күнінің маңызы зор. Біз Елбасының әрбір бастамасына үнемі қолдау көрсетсек, еліміздің келешегі бұдан да жарқын боларына, болашақта қазақ елі биік шыңдарды бағындыратынына сенімдімін» – дей келе жиналғандарға мерекелік лебізін арнады. Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейінің, Б.Мергенбаев атындағы №226 гимназияның оқушылары Елбасыға арналған жүрекжарды жыр шумақтарын жатқа оқып, көрініс көрсетті.
Белсенділік танытқан бірқатар мектеп оқушысы Алғыс хатпен марапатталды.
Перуза НИЯЗЫМБЕТОВА
08 желтоқсан 2018 ж. 1 948 0

Тиісіп қоймады ғой

15 сәуір 2024 ж. 64

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930