Жоғары жауапкершілік жүктейді
Қазіргі кезеңде сыбайлас жемқорлықпен күрес қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Мемлекет тарапынан осынау қауіпті кеселдің алдын алу мен оны болдырмау жөнінде нақты шаралар жүзеге асырылуда. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны бекіту туралы» қаулысы осы бағыттағы маңызды құжат болып табылады.
«Республикалық орман селекциялық тұқым өсіру орталығы» РМҚК Оңтүстік – батыс аймақ филиалында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша іс-шаралар жоспарын орындауда жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Мекеме басшысының бұйрығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша жауапты тұлға бекітілді. Сонымен қатар мемлекеттік мекеме қызметінде сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында шаралар қабылданды. Ұжым мамандарымен жиналыс өткізіліп, жемқорлыққа байланысты жауапкершіліктер түсіндірілді. Заңдылықтарды оқып-үйрену, олардың қатаң сақталуын қамтамасыз ету, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы қарау, мемлекеттік сатып алуға байланысты тәртіптің бұзылуына жол бермеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспарын орындауды тиісінше қамтамасыз ету мәселелері тұрақты бақылауға қойылды.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу – мемлекеттік органдардың, мемлекеттік қызметкерлердің, тұтастай қоғамның басты міндеті. Сондықтан бұл бағыттағы бағдарлама жоғары деңгейдегі жауаптылықпен іске асырылуы тиіс.
Мөлдір ЖҰМАХАНОВА,
«Республикалық орман селекциялық тұқым өсіру орталығы» РМҚК
Оңтүстік – батыс аймақ филиалының кадр ісі жөніндегі инспекторы