Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бас терісі құрғақ болмас үшін...

Бас терісі құрғақ болмас үшін...



Қазіргі кезде қалыпты теріге қарағанда проблемалық тері жиі кездеседі. Бұл жағдай бас терісінде де қатысты. Бастың құрғақтығы, тітіркену, қабыршақтану, қышу және шаштың түсуі секілді жағымсыздықтар көпшілікке таныс. Бас терісінің құрғақ болу себептері: - Бас терісінің құрғақ болуының бір себебі – дұрыс тамақтанбау. Жартылай дайын өнімнен дайындалған тағамдарды және фаст-фудты жиі қолданғанның себебінен тері, шаш және тырнақ құртыла бастайды; - Зиянды әдеттер мен аз қозғалыс та теріге әсерін береді; - Соңғы кездері бойжеткендер мен әйелдердің тағы бір зиянды әдеті шықты. Олар қыстың суық күндерінде де бас киімсіз жүре береді. Мұндай ауа-райы шашқа және бас терісіне өте зиян. Суық ауа-райының себебінен бас терісі қабыршақтанып, құрғақ бола түседі. Оны бет терісін секілді креммен қорғай алмайтындықтан, жылы бас киім киіп жүру керек; - Жарнамадан жиі көрсететін немесе сыртының әдемілігіне қарап сусабын таңдамаңыз. Сусабынды міндетті түрде шаш типіне қарай және химиялық қоспасы аз түрін алыңыз. Sodium Laureth Sulfate қоспасы бар сусабын алмаған жөн; - Фенді сирек қолдануға тырысыңыз. Егер қатты асығыс болсаңыз, феннің суық желін пайдаланыңыз; - Шашты жиі бояудың қажеті жоқ.  1-1,5 ай ішінде шашты 1 реттен артық боямаңыз. Шашты үйден емес, кәсіби маманы бар сұлулық салонынан боятқан жөн. Шаш құрғақтығын кетіретін маскалар мен құралдар Бас терісін ылғалдандыратын және тыныштандыратын халықтық құралдарға тоқталайық. Ошаған майы – шашты және бас терісін ылғалдандырып, қоректендіретін керемет құрал. Оны зәйтүн майымен тең үлесте араластырып, оған 2 ас қасық бал қосып, аздап қыздырған соң, қоспаны бас терісіне жағу керек. Бір сағаттан соң жуып тастаңыз. Үйдің майлы қаймағын (1 ас қасық) лимон суымен (1 ас қасық) және жұмыртқаның сарысымен араластырып, буға аздап қыздырып, бас терісіне жағасыз. Жарты сағаттан соң жуып тастайсыз. Аптасына бір рет жұмыртқаның сарысынан маска жасап тұру керек. Оны аздап ыстық сумен және 1 ас қасық арақпен араластырып, басыңызда 30 минут ұстайсыз. Кез келген масканы ыстық емес, жылы сумен жуған дұрыс. Негізі әр кез басты қайнап суытылған сумен жуған жөн. Олай жуу уақытты алғанымен, бас терісінің құрғақтығы кеткенше суды қайнатып, ол суыған соң жууға тырысыңыз.

06 желтоқсан 2017 ж. 4 831 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031