Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Минералды суды қалай дұрыс таңдау керек?

Минералды суды қалай дұрыс таңдау керек?

Минералды судың краннан аққан судан қарағанда артықшылықтары мен қасиеті көп. Оның құрамында ерігіш тұздар мен пайдалы микроэлементтер бар. Алайда нағыз пайдалы минералды суларды қалай таңдау керек?
Нағыз минералды су бастауда болатындығын ұмытпаған жөн. Көбіне біз бөтелкелдегі минреалды суды сатып алып ішеміз. Егер бөтелкедегі минералды суды пайдаланатын болсаңыз, этикеткасын мұқият оқып, қаптамасына мән берген жөн. Шыны бөтелкедегі минералды судың жарамдылық мерзімі – 2 жыл. Этикеткадағы ақпараттың бәрі дұрыс болғанымен, бөтелке түбіндегі тұнбаның көрінісі сізді шошытпауы керек. Минералды суды арнайы лабороторияларда талдайды. Ол туралы этикеткада міндетті түрде айтылуы керек. Егер санамалап айтар болсақ, минералды судың бөтелкесіндегі этикеткада мыналар жазылуы тиіс:
Өндіруші фирманың атауы;
Химиялық құрамы;
Минералдану тәсілі және деңгейі;
Бастаудың атауы;
Сақтау ережелері;
Дайындалған күні болуы керек.
Сондай-ақ этикеткада "180 градустағы тұнба" немесе "жалпы минералдандыру", яки "жалпы тұздандырылған" деп жазылуы керек. Бұл үшеуі де бір мағынаны білдіреді. Асханалық минералды суда 1 грамнан артық тұз болмайды. Оны күнделікті пайдалануға болады. "Күніне ішу керек 2 литр судың" тым құрығанда жартысы осындай су болуы қажет. Тиісті минералдың ағзаңызға оң әсерін беретінін таңдаңыз. Егер артық салмақтан арылу үшін немесе қандай да бір созылмалы ауруға қарсы минералды суды тұрақты ішу керек болса, маманның кеңесіне жүгінгеніңіз жөн. Қандай минералды суларды ішу керек? Кімге қандай зияны бар? Минералды сулардың қандай топқа жататындығы туралы қаптамада жазылады. Олар құрамындағы тұздары арқылы жіктеледі. Бикарбонатты су. Мұндай суды салауатты өмір салтын ұстанатындарға және емізулі балаларға, цистит кезінде ішу керек. Гастритке кері әсері бар. Сульфат минералды суды бауыр ауырған кезде ішкен пайдалы. Балалар мен жасөспірімдерге ішуге болмайды. Себебі сульфат кальцийдің бойға сіңуіне кедергі жасайды, демек сүйектің қалыптасуын шектейді. Осыған байланысты сульфатты суды 50 жастан асқан әйелдердің де ішпегені жөн. Хлоридті су. Ішек, өт, бауыр жұмысын ретке келтіреді. Қан қысымы жоғары адамдарға кері әсер етеді. Магнилі су. Іш қату, стресс, азқазан ауруы кезінде қолданған жөн. Фторлы су. Жүкті әйелдерге, остеопороздан зардап шегетіндерге ұсынылады. Темірленген су. Темір тапшылық анемиясы бар адамдарға ішкен пайдалы. Асқазанында ойық жарасы барларға ішуге болмайды. Ащы су. Асқазан сөлінің деңгейі төмен адамдарға ішуге кеңес беріледі. Ойық жараға кері әсер етеді. Натрийлі су. Іш қату және ас қорыту жүйесі бұзылған кезде ішкен пайдалы. Гипертониктер мен тұзы аз тағамдармен диетаға отырғандарға қарсы көрсеткіші бар. Кальцийлі су. Организмнің сүтті қабылдамауы кезінде, жүкті әйелдерге, балаларға және жасөспірімдерге ішуге кеңес беріледі. Қан қысымын төмендетеді. Қатаң қарсы көрсеткіштері жоқ. Минералды сулар газдалмаған және газдалған болып бөлінеді. Егер сізге медициналық кеңес бойынша тек газдалған түрі бар "Ессентуки 17" тәрізді минералды суын ішу керек болса, басқа амал жоқ. Көрсетілген кеңеске жүгінесіз. Кез келген газдалған сусын целлюлиттің пайда болуына әсер етеді деген пікір бар. Сол себепті дәрігерлер газдалған сусыннан бас тартуға кеңес береді. Ескере кететін жайт, минералды су табиғи және жасанды газдалған болады. Табиғи газдалған судан газ қалыпты жағдайда ұшып кетеді. Бөтелкеге құяр кезде, су жасанды түрде газдалады.
Егер газдалған су ішетін болсаңыз мынаны ескеріңіз:
1. Күніне 2 стақаннан артық газдалған су ішпеңіз;
2. Созылмалы гастрит және ойық жарасы бар адамдар минералды суды тез ішуі керек.
Ал қалыпты жағдайда және қышқылдық дейгейі төмен кезде ақырындап және аз мөлшерде жұту арқылы ішу қажет.
massaget.kz

18 желтоқсан 2017 ж. 5 651 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031