Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 11 наурызға арналған ауа райы болжамы

11 наурызға арналған ауа райы болжамы

Қазақстан аумағынан атомосфералық ағындардың өтуіне байланысты елдің басым  бөлігінде күн райы құбылмалы. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.


Кей жерлерде жауын жауады. Әсіресе елдің батысы мен оңтүстік-батысында  жауын көп болады. Сондай-ақ елдің бірқатар аумақтарында тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді. Солтүстікте желдің соңы боранға ұласуы ықтимал. 

Солтүстік Қазақстан обысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Сондай-ақ боран соғып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Кей жерлерде екпіні секундына 25 метр болуы ықтимал.     

Ақмола, Қостанай облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болып, боран соғады, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды. Қостанай облысында желдің екпіні 23 м/с-қа жетуі ықтимал.   

Алматы облысында түнде және таң ата тұман түсіп, Жалаңашкөл ауданында күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғып, екпіні секундына 25-метрге жетуі мүмкін. 

Жамбыл облысында түман түсіп, таң ата және күндіз жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды. 

Батыс Қазақстан облысында тұман түсіп, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.   

Атырау облысының кей жерлерінде тұман түсіп,  желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.   

Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында түман түсуі ықтимал.
11 наурыз 2019 ж. 1 516 0

Төл теңгені таңбалаған

14 қараша 2026 ж. 149

Ұлы тұлғаның ұлық тойы

14 қараша 2026 ж. 132

Қос ауылдағы қуаныш

14 қараша 2026 ж. 144

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30