Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

Синоптиктер Қазақстанда мамырдың 5-і күні болатын ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қазгидромет сайтына сілтеме жасап.
Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашын болады. Жауын тек елдің батысы мен оңтүстігіне жаумайды. Республиканың кей жерлеріне тұман түсіп, жел күшейіп, арты шаңды дауылға ұласып, тіпті бұршақ жаууы да ықтимал.
Ақмола, Қарағанды облыстарының бірқатар аумақтарында тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Ақмола облысында желдің екпіні секундына 23-28 метр болады, күндіз бірқатар аймақтарда бұршақ жаууы мүмкін. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды, екпіні 25 метрге жетеді. Күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал.
Қостанай, Солтүстік, Павлодар облыстарында тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында желдің екпіні секундына 23-28 метр болуы мүмкін. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, күндіз Алматы, Жамбыл, Ақтөбе облыстарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстарының бірқатар аймақтарында шаңды дауыл көтеріледі.
05 мамыр 2018 ж. 1 210 0

Үш облыста жол ашылады

08 желтоқсан 2025 ж. 152

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031