1 наурыз күніне арналған ауа райы болжамы
Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болып, кей өңірлерге қалың қар жауады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.Республиканың басым бөлігіне тұман түседі. Батыс Қазақстанда қар жаумайды. Кей жерлерде жел күшейіп, боран соғып, көктайғақ болады. Шығыс Қазақстан облысының бірқатар аймақтарына тұман түсіп, боран соғады. Жел секундына 15-20 метрге дейін күшейіп, екпіні 23-28 метрге жетеді. Жамбыл, Қызылорда, Атырау облыстарының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Ақмола облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады, күндіз-түні тұман түсіп, боран болады. Алматы облысында күндіз жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Оңтүстік Қазақстан облысында тұман болады. Қостанай облысында боран соғып, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады. Павлодар, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Қарағанды, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында ауа райы тұманды болады.














