Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Партия халықтың жанашыры

Партия халықтың жанашыры

Партияның 20 жылдығына орай өткізілген "Нұр Отан" партиясының XVIII Съезінде Елбасы Н.Назарбаев халықтың әлеуетін жақсартуға қатысты бірқатар мәселенің шешімін ұсынды. Соның ішінде, Үкіметке «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 40 мыңнан астам жалдамалы пәтер салуды тапсырды. Олардың басым бөлігі тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға берілуі тиіс. Осы мақсатқа алдағы 7 жылда қосымша жыл сайын 50 млрд теңгеден бөлінеді.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаев: "Тұрғын үймен қамтамасыз ету, білім беру және денсаулық сақтау салаларын жақсарту бойынша жұмысты оңтайландыру қажет. Мен болып, Үкімет болып, Партия мүшелері болып аурухана, мектеп, коммуналдық шаруашылықты, барлық жағдайды бірге қарауымыз керек. Үкіметтің бұдан басқа қандай жұмысы бар?! Халықпен шынайы ашық диалог құруымыз керек. Нұротандықтар мұны жасай алады. «Нұр Отан» – қоғамдық бақылаудың басты институты болу керек" деген мәлімдемесі ел көңілінен шықты деп есептеймін.
Әрине 20 жылдық тарих қатпарында "Нұр Отан" партиясы халықтың жанашыры ретінде елдің әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан өсіп-өркендеуіне елеулі септігін тигізіп келеді. Тарихи съезд саяси ұйымның одан əрі жаңғыруына серпіліс береді деген сенімдемін.
Ғанибек ҚАБАҚБАЙ,
Абай атындағы №90 орта мектеп директоры,
"Нұр Отан" партиясы "Абай ауылы" бастауыш
партия ұйымының төрағасы
27 ақпан 2019 ж. 1 895 0

Қазалыдағы қарбалас тірлік

13 қыркүйек 2025 ж. 42

Тілге құрмет – елге міндет

13 қыркүйек 2025 ж. 45

Тұрғындар тілегі назарда

13 қыркүйек 2025 ж. 37

Алқаптағы алғашқы орақ

13 қыркүйек 2025 ж. 33

Бішкекте жер сілкінді

12 қыркүйек 2025 ж. 139

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930