Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлеуметтік аз қамтылған тұрғындарға цифрлық телевизия құралдары тегін берілді

Әлеуметтік аз қамтылған тұрғындарға цифрлық телевизия құралдары тегін берілді

Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында осылай деді.

«Былтырғы жылы аналогтық телерадиохабарлар таратуды кезең-кезеңмен тоқтата бастадық. Қазіргі уақытта еліміздің төрт аймағы толық цифрлық хабар таратуға көшті. Олардың арасында Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл облыстары және Шымкент қаласы бар. Осылайша, ауылдағы ағайын 15 отандық телеарнаны, ал облыс орталығының тұрғындары 30 арнаны жоғары сапада тамашалап отыр», - деді Абаев.

Министрдің айтуынша, ел тұрғындарының әлеуметтік аз қамтылған тобы цифрлық телевизияға қажетті абоненттік құралдарға тегін қол жеткізді. Ал цифрлық сигналдарға шалғай орналасқан елді мекендер отандық Отаутв, спутниктік тарелкалармен қамтылады. Ол үшін сол аймақтың жергілікті бюджетінен қаржы бөлінген. 

«Сонымен қатар, бос тұрған жиіліктерді ұялы байланыс сапасын арттыру мақсатында пайдаланамыз. Осы жылы біз Алматы облысы, Павлодар мен Қостанай аймақтарын цифрлық хабар таратуға ауыстыруды көздеп отырмыз. Ал осы бағыттағы жұмыстар 2022 жылы толық аяқталады деген жоспарымыз бар», - деді Дәурен Абаев.
20 ақпан 2019 ж. 1 039 0

Әр түйірінде шипа бар

17 қаңтар 2026 ж. 149

Тағылымға толы жүздесу

17 қаңтар 2026 ж. 166

Тәртіп – тәрбие бастауы

17 қаңтар 2026 ж. 166

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031