Қазалы Қазалы аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Қазақстан цифрлық хабар таратуға екі жыл ішінде толығымен көшеді

Қазақстан цифрлық хабар таратуға екі жыл ішінде толығымен көшеді

2020 жылға дейін еліміздің барлық өңірлері цифрлық телевидениеге қөл жеткізеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.
Әр нәрсенің екі жағы болатыны сияқты, мұндай жаңашылдық отандық арналардың тариф бағасына әсер етуі мүмкін.
Техникалық себептерге байланысты барлық аймақтарды қамту қиын. Өйткені облыс орталығынан 300-400 шақырым шалғай жерде орналасқан аудандар көп. Сол себепті барлық аймаққа цифрлық сигналды жеткізу оңай емес. Дегенмен қазір қажетті техникаларды орнату жұмыстары жүргізілуде. Жоспарға сәйкес, 2020 жылға дейін облыстарда цифрлық теледидар болады. Цифрлық хабар таратуды енгізу және дамыту жобасы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарына енгізілген. Оның негізінде 827 радио және теледидар стансасын салу және жаңғырту жұмыстары жоспарланған. Бүгінге дейін 356 станса салынды. Жыл соңына қарай тағы 292 кешеннің құрылысы аяқталуы тиіс. Ол халықтың 94 пайызын цифрлық хабар таралымымен қамтуға мүмкіндік береді. Ал қалған 179 стансаны екі жылда пайдалануға мүмкіндік бар. Цифрлық хабар тарату жүйесі халыққа облыс орталықтары мен Астана және Алматы қалаларында 30 отандық телеарнаны, сондай-ақ ауылдық елді мекендерде 15 телеарнаны абоненттік төлемсіз жоғары сапада көруге мүмкіндік береді.
Цифрландыру дәуірінде телекоммуникация мен IT-технологиялар саласы көш бастайды. Бұған таңғалудың қажеті жоқ. Себебі бұл – бүкіләлемдік тренд. Сондықтан қазір қай елді алып қарасақ та, осы сала мамандарына сұраныс жоғары. Мәселен, Қазақстанда IT-индустрия 20 пайызға өсті. Оған қоса, мемлекеттік қолдау жоғары. Ресми деректерге сүйенсек, өткен жылы осы саладағы қызмет көрсету көрсеткіші 160 миллиард теңгеге жуықтаған.
26 қыркүйек 2018 ж. 94 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31