Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тіркелмеген телефондар Жаңа жылда байланыссыз қала ма?

Тіркелмеген телефондар Жаңа жылда байланыссыз қала ма?

Қазіргі кезде ұялы телефондардың 70 пайызға жуығы IMEI-коды бойынша тіркеуден өтті. Бұл туралы Парламент Мәжілісінде «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасына арналған Үкімет сағатында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әрине, адамдар бұл мәселені уайымдап жүр, алайда құрылығыларын тіркеуден өткізуге асықпайды. Бүгінде мобильді байланыс абоненттер деңгейі халық санынан асып түскен. Егер де бізде 26 млн пайдаланушы болса, халық саны - 18 млн-нан астам. Яғни кейбір адамдар бірнеше телефон ұстайды, 3-4 телефонды қатарынын пайдаланатындар бар. Қазіргі кезде 70 пайызға жуығы тіркеуден өтті», - деп тоқталды Д. Абаев.

Сонымен қатар, ол құрылғылардың 2-3 пайызы тіркеуге жатпайтынын атап өтті. Олар көліктерді ұрылардан қорғайтын автодабылдарға қатысты.

«Тиісті түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Барлық ұялы байланыс операторлары бойынша мәліметтер бар. Менің ойымша, бұл бағытта проблема туындамайды, сәйкесінше, Жаңа жылды мерекелеу кезінде адамдар байланыссыз қалмайды», - деп түйді министр.

Еске сала кетсек, 2019 жылдан бастап IMEI-кодын тіркемеген абоненттерге ұялы байланыс қызметі көрсетілмейтінін хабарлаған болатынбыз. Яғни, жоғалған телефондарды іздеу жұмыстарын жеңілдету, сонымен қатар қылмыстарды тергеуге көмек көрсету мақсатында ағымдағы жылдың соңына дейін Қазақстан тұрғындары өздерінің ұялы құрылғыларына ЖСН-іне тіркеуі қажет.
2019 жылдан бастап тіркелмеген гаджеттерге ұялы байланыс қызметін көрсету доғарылады.
almaty.tv/kz
10 желтоқсан 2018 ж. 983 0

КӨПКЕ ҮЛГІ АРДАГЕР

08 сәуір 2025 ж. 45

ӘЛЕМ ӘБІГЕР ҮСТІНДЕ

08 сәуір 2025 ж. 44

Не үшін кітап оқу керек?

07 сәуір 2025 ж. 136

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930