Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аяқсу беріле бастады

Аяқсу беріле бастады

2018 жылдың 2 тамызында «Халық» газетінің №30 санында жарияланған «Талдардың күйі тайып барады?» тақырыбындағы мақалаға орай Әйтеке би кенті әкімі аппараты төмендегі ақпаратты ұсынды.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті Сырдария өзеніндегі су шаруашылығы жағдайының өзгеруіне байланысты Шардара су қоймасынан Сырдария өзенінің төменгі ағысына тасталатын судың көлемі 600 м3-тан 200 м3-қа дейін азаятындығы ескертілді.
Осы орайда, ағымдағы жылдың шілде айынан бастап ауданымызда су тапшылығы сезіле бастап, ауылшаруашылық дақылдары мен Әйтеке би кенті мен елді мекендердегі іргелік жерлерді суармалы дақылдарға аяқсу жіберу қиындықтар туғызды.
Осы суармалы егістік пен жасыл өскіндерді судан қалдырмау мақсатында ауылшаруашылық басшылары мен су тұтынушыларының қатысуымен аудан әкімдігінде шұғыл жиын ұйымдастырылып, Оң жаға мен Сол жаға арналарынан ішкі каналдарға кезекпен су тастау жөнінде келісіліп, су деңгейіне қарай аяқсу беру тапсырылды. Бұл мәселе тұрғындарға кеңінен ақпараттандырылып, түсіністікпен қарау жөнінде ұсыныс айтылды.
Бүгінде Әйтеке би кентінің 43 көшесі аяқсумен қамтылса, оның ішінде 12 көшеге су өз аяғымен беріледі. Қалған 31 көше су айдайтын насостар арқылы тұтынады. Оның ішінде Сырым батыр көшесіне аяқсу «Ақарық» каналы арқылы өз аяғымен барады. Ағымдағы жылдың 4 тамызынан бастап «Ақарық» каналына су жіберіліп, өз аяғымен баратын кент көшелеріне су берілді.
Әйтеке би кентінде 189 көшенің 56 көшесіне жалпы ұзындығы 51,4 шақырым болатын түнгі жарықшамдар орнатылып, 12 дана КТПН трансформатор қондырғысы қойылған. Жарықшамдар негізінен әлеуметтік-мәдени, тұрмыстық, қызмет көрсету мекемелері мен мектеп, балабақша нысандары бар көшелерге орналастырылған.
Ал, кенттің кейбір аймақтары мен қалған бөліктерін түнгі жарықшамдармен қамтамасыз ету үшін жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, бюджеттік комиссияға ұсыныс енгізілді. Оның ішінде Сырым батыр көшесіне түнгі жарық шамдар орнату үшін де жоба дайындалған. Бөлінген қаржы көлеміне қарай тиісті жұмыстар кезең-кезеңімен іске асырылатын болады.
Аудан орталығында жалпы ұзындығы 138,5 шақырым құрайтын 189 көшенің 42 көшесі (53,4 км) асфальт қабатты, 92 көшеге (57,8 км) қиыршық тас қабаты төселген, қалған бөлігі топырақ қабатты.
Соңғы 5 жылда Әйтеке би кентінде барлығы 1,1 млрд теңгеге 78 шақырым жол жөндеуден өтті. Бұл жұмыстардың жалғасы іспеттес биылғы жылға кенттің көшелерін жөндеуге 120,0 млн теңге бөлініп, оған 3 көшеге (Жетес би, Қарасақал Ерімбет, Мағзаман әулие) жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 2015 жылы Сырым батыр көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қиыршық тас қабаты төселген.
Сонымен қатар, Әйтеке би кентінің 55 көшесін жөндеуге жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, қаржыландыру мақсатында республикалық, облыстық бюджеттерге ұсынылды. Жоба құны – 2,1 млрд теңге. Бұл жобада Сырым батыр көшесіне асфальт қабатын төсеу жұмыстары енгізілген.
Ғ.ТЕМІРБАЕВ,
Қазалы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы
halyk-gazeti.kz
17 тамыз 2018 ж. 1 930 0

Байқауда бағы жанғандар

11 желтоқсан 2024 ж. 269

Білім туралы құжаттарды тану

11 желтоқсан 2024 ж. 157

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031