Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Текті білудің толғақты тұсы қандай?

Текті білудің толғақты тұсы қандай?

Бүгінгі қазақ бөлінгіш. Төсекте басы қосылмаса да, төскейде­ малы қосылған ата-бабамыз бұл бөлшектікті не мақсатта мұра етіп қалдырғанын әлі білмей келеміз. Қырық тармақтан құралған ел бола тұра ары қарай бөлшек­тене­ беремiз. Тiптi, ұсақталып кеттiк. Қазiр «жаңа қазақ», «шала қазақ», «таза қазақ» деген шықты. «Южан», «Северян» тағы бар. Дiннен «дiң» шығарғандар дiңкелетiп, тағы бөлуде.

Қосылып жатқанымыз­ шамалы, «қыр қазағы» мен «Сыр қазағы», «дала қазағы», «қала қазағы» боп әбден шала бүлiндiк. Рулас деген жайына қалып, қара және сары қазақтыққа кеттiк бөлiнiп. Үш жүздiң басын қосқан Абылай хан тiрiлiп келсе, күмiлжiп төмен қарар, бәлкiм. Түсiндегi «бақа-шаян» ұрпақтың кiмге айнал­ғанын көргенде не күй кешер екен?

Екi қазақ кездессе, хал сұрайды, содан кейiн ру сұрайды. Арғы атасын қуалап, құдалығын жағалап, нағашы мен жиендiктi сағалап, екi қазақ ақырында туыс боп шығады. Қазақтың бәрi туыс, «әр қазақ – менiң жалғызым» деген осы шығар. Қандасың туыс болғанда қуанасың, қырқысқанда қынжыласың. Мәселе екi қазақпен шектелсе жақсы ғой, «у iшсең, руыңмен iш» деген бар, өре түрегелiп, он қазақ пен он қазақ қырықпышақ боп жатқан­да «ай, қап» деуге де шамаң келмес, ортасына қойып кетерсiң. Әйтеуiр, сол жиырманың бiрi – сенiң не құдаң, не жиенiң...

Әлем бiрiгуде, қазақ бөлiнуде. Дағдарыс, геосаяса­т, әр жерде бұрқ еткен теракт пен түрлi-түстi революциялар ел мен елдi бiрiктiруде. Халықар­алық ұйым емес, конфедерация болуға шақ тұр. Шатақ сонда, бiз әлi бөлiнiп жүрмiз. Әлi күнге батыр бабамыздың ерлiгiн өзгелерден асырып­, руымыздың тұлғаларын өсiрiп айтып жүрмiз. Табанға кiрген шөңгедей жiк-жiк боп барамыз­. Қай уақытта да өзiмiздi өзгелерден биiк қоюға, басқаны мүсәпiр етiп, мұрынды шүйiрiп қарауға бейiмбiз. Уақытында бiздiң сыртқы жауымыз­ мұны тиiмдi пайдаланып келген. Мен­мендiгiмiздi меңгерген орыстар да еш соғыссыз тұтас территориямызды отарлап алды емес пе? Еркiмiзбен қамытты мойынға кигенмен, ел болып бiрiгiп, бiр шаңырақ астында бас қоспауымыз вассалд­ыққа әкелдi.

Бұл биiктiктiң артында тұрған не дейсiз ғой? Сөзге шешен ұлттың бiр-бiрiн сөзбен шағып, масқара етуде тұр деу қисынға келмес, бiрақ өзгеден биiк болу қанымызда бар сықылды. Мәселен, тұтас руды немесе тайпаны келеке қылар нақылсымақтар бар. Қазақтың дағдысы – жаттап алу. Айтылған­ сөздi жаттау арқылы бүгiнгi мол мұраны қалып­тастырды. Еуропа мен шығыс халықтары тарихын тас пен қағазға түсiрiп жатқанда қазекем барлығын миында сақтапты. Бұл – ұлтымыздың асқан дарындылығы. Әлгi нақылсымақтар қалай пайда болды? Соған тоқталайық. Жоғарыда қазақ мәдениетi мен әдебиетi ауызша тарағанын айттық. Ақындар айтысы өттi делiк. Айтыстың мақсаты – қарсыласты сөзбен түйреп, тайдыру. Мiне, осындай сәтте бiр ақын бiр ақынды ру-тайпасымен келеке­ етiп, оны айтысты көргендер дереу жаттап алып, елге таратқан. Бертiн келе мүсiркеу, келемеждеу мақсатында қолданыла бастаған. Әйтпесе­, Мұстафа Шоқайдың «Жаман ұлт жоқ, жаман адам бар, мейiрiмдi мемлекет жоқ, мейiрiмдi адам бар» дегенiн қайда қоямыз?

Жалпы, руға бөлiнудiң пайдасы демесек, зияны­ жоқтың қасы. Тек соңғы уақытта бiлiмдi «сауатсыздықтың» кесiрiнен рушылдыққа қарсы ши шығып жүр. Руға бөлiну, бұл – қанның тазалығы. Орыстың отарында болып, жетi атадан жаңылуға сәл қалғанбыз. Әйтпесе, қазекем шешек пен тұмау­дан басқа оба, даун сықылды дертiңе бой бермеге­н. Батыстың жиен мен нағашы сынды туыстығ­ы бола тұра шаңырақ көтерiп, қанын бұзғанын­ан пайда болған әлсiз иммунитет ауруға төтеп бермек түгiлi, қолапайсыз ұрпақтарды дүниеге­ әкелдi. Ұлттардың денi азғындықтың шегiне жеттi. Ал қазақ жетi атаға дейiн қыз алыспаған. Қанның тазалығын сақтаған. Мәселен, адамда гендiк ерекшелiк 100 пайыз болса, бұл оның баласында 50 пайыз мөлшерде сақталады. Ал немересiнде – 25 пайыз, шөбересiнде – 12,5 па­йыз, шөпшегiнде – 6,25 пайыз, неменесiнде – 3,125, жүрекжатында – 1,5625 пайыз, туажатында 0,78125 пайыз атасының генi болады. «Жетi атасын бiлмеген жетесiз» дегеннiң неден шыққаны түсiнiктi де. Сегiзiншi ұрпақ бiр-бiрiмен қыз алысса­, қан тазалығы жойылмай, тек сақталады. Руға бөлiну – қан тазалығы. Қан тазалығы – ұлт саулығы.

Рушылдықтың тағы бiр сипатын әлi түсiнбей келемiз. Бұл – уақытындағы әкiмшiлiк басқару жүйесi. Қазақтың қай туындысын алсаңыз да, рудың басшысы болған, қандай дау болмасын, рубасы­лар арқылы шешiлетiнiн көруге болады. «Жүзге бөлiнгеннiң жүзi күйсiн» дегенмен, қазақтың қанына сiңген ғұрыпты алып тастау мүмкiн емес. Әрине, батыстық менталитеттiң бәрiн бойға сiңiрiп, күндегi дағдыдан былай басқару жүйесiн де батыстандырып алдық. Демократия деген желеу­ жақсы болды. Алайда шығыс пен батыстың өмiр сүру дағдысы бiр арнада тоғыспайтынын ескермедiк. Кеңес үкiметi орнағанша қолданыл­ған жүйемiзден айырылдық. Рушылдықпен күресуге көштiк. Қанымызда бар қасиеттi қалайша ысырып тастамақпыз?! Бұл мүмкiн де емес. Ұлан-ғайыр жерiмiздi рулық, рулар конфедерациясы жүздiк бөлiктерге бөлiп, тiршiлiк етiп жатқан террит­орияларын жаудан қорғау жауапкершiлiгiн руларға жүктедi. Бiздiң туған жерге деген ыстық ықыласымыз осылай қалыптасты. Әр ру өз жерiн қорғауды мойнына алды, туыстық сезiмнiң арқасынд­а көршiлес рудың, одан қалды, жүздiң, одан әрмен тұтас қазақ елiнiң жерiн қорғауға мiндеттелдi. Одан бөлек, рулар өздерiне тиесiлi жердi бөлiп алу арқылы оңтайлы шаруашылық үрдiсiн қалыптастырды. Рулар арасындағы тепе-теңдiк әрiптестiк қатынасты орнатты. Рулық жүйеге­ негiзделген шаруашылық қазiргi ғылым мен бiлiм дамыған заманда қол жеткiзе алмай жүрген нарықтық бәсекелестiкке табиғи түрде қол жет­кiздi. Ал рулар қауымдастығы бәсекелестiктiң ел арасында кездесетiн бақталастық секiлдi ыдыратушы түрi билер сотымен бiрiге жазалау арқылы елдi әдiлеттi жолмен тұтастықта ұстады.

Рушылдық – тек ел тұтастығын сақтау құры­лымы. Мәселен, әлi күнге монархиялық билiк сақтал­ған елдерде шежiре бар. Онда да тек ақсүйек­тер әулетi ғана шыққан тегi жайлы бiледi. Сонау қазақ атауынан күнi бүгiнге дейiн тiзбектеп, барлығ­ына дерлiк шежiре жасаған дәл бiздей ұлт жоқ. Бұл – құндылық. «Тiлi жоқтың тегi жоқ, тегi жоқтың елi жоқ», «Тектен нәр алған тозбайды», «Тегiн бiлмеген терiс бағады» деген нақылдар қайдан­ шыққан? Қазақ тектiлiкке аса мән берген. Ру сұрасу арқылы адамның тегiн бiлген. Рушылдық, бұл – туыстықтың мәнi, тарихтың әнi. Кез келген ақсақалдан руы жайлы сұраңыз, бабаларының басынан кешкенiн егжей-тегжей баяндап бередi. Жоғарыда айтқанымыздай, қазақ – бар тарихын­ жадында сақтаған ұлт. Өткенiн де сол жерден­ iздеуi керек. Одан бөлек руға бөлiну мен ру сұрасу – жақындықтың белгiсi. Руын сұрастыра келе қырық тамырлы қазақ тұтастықты нышан (символ) еттi. Мәселен, «Құдай қосқан қосағың да қарын бөле» дегендей қазақ екiншi қазақты бауырын­а тартты. Ұлтымыздың бүгiн де ұмыт қалдыр­ған бiр қағидасы бар, «жетiмдi жылатпау, жесiрдi жат қолына бермеу» деген. Бүгiнде бұл қағида емес, өткеннiң еншiсiнде қалған жай ғана елес боп барады. Жетiмдi – «детдомға», жесiрдi балаларымен «төркiнге» жiбердiк. Тегін ұмыту осыда­н басталды. Руын сұрасаң бiлмейтiн, атасын танымайтын ұрпақ өсiп келедi. Қазiр бiр туғандар бiр-бiрiне қайырылмайтын деңгейге жеттi. Нарық дегенмен, қарық боп жатқандар аз. Ұлттық намыстан­ гөрi қаржылық намыс артық тұр. Бiр әкенiң екi баласының жайы екi бөлек, бiрi нан таппай­ жүр, бiрi – қалталы кәсiпкер. Мiне, рушылдық-туыстық сананың өшуi осыған әкелдi. Бұрындар­ы жетiмi мен жесiрiн жылату, бұзақы­сына тыйым сала алмау рудың бетiне түскен шiркей ретiнде қабылданатын. Ал қазiр мәдениеттiң озық үлгiсi ретiнде жетiмге – балалар үйi, жесiрге – төркiн, бұзақыға – түрме даяр.

Бала күнiмде оқыған Бердiбек Соқпақбаевтың «Өлгендер қайтып келмейдi» романындағы мына әңгiменiң үзiндiсi есiмнен кетпейдi:

«- Шырақ, қай рудан боласың?

Мен дәл мұндай сұрақ күтпеген едiм. Қазақтың салған жерден ру сұрасып жатуын жаратпаймын. Сәл бөгелдiм де, айта бастадым:

- Ұлы жүз боламыз. Ұлы жүздiң iшiнде Албан...

Бетiнде ешқандай сезiм белгiсi бiлiнбей, сөзiн тәптiштеп сөйлеп:

- Шырақ, Албанға да, басқаға да бұл мектепте орын жоқ. Келген iздерiңмен қайта берулерiңе болады».

Сонда рушылдықтан жерiнiп, «осы қазақ неге бөлiнедi?» деген ойға қалғанмын. Әрине, дұрыс түсiнбеппiн. Бертiнде бiр адамның бiр адамды жек көруi арқылы тұтас руға қара күйе жағылатынын ұқтым. Ал ол күйенi сүрту – тұтас рудың еншiсiнде. «У iшсең де руыңмен iш» деген сол. Әркiм әрқилы түсiнер, ру, бұл – туысқандықтың белгiсi, бiрлiк пен ынтымақтың нышаны. Алайда кей кiсiлер руға бөлiнудi оң емес, терiс мағынада пайдаланып жүр. Көбiне-көп, әркiмнiң тәкаппарлыққа салынуы, қан емес, қамның жайын ойлауы рушылдықтан жерiтуде. Әлi күнге ұқпай жүргенiмiз де осы. Рушылд­ықтан жерiну арқылы қазақылықтан жерiнетiнiмiздi түсiнетiн күн әлдеқашан жеттi емес пе? Қалай ойлайсыз?
Дастанбек  САДЫҚ
25 қаңтар 2019 ж. 950 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 62

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930