Материалдық шығынды өндіру туралы азаматтық іс медиация тәртібімен тоқтатылды
Қазалы аудандық сотында талап қоюшы И.-нің жауапкер С.-дан жол-көлік оқиғасы салдарынан келген материалдық шығынды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес, талап қоюшы И. сотқа жауапкер С.-дан 02.12.2018 жылы орын алған жол көлік оқиғасынан келген шығын 500 000 теңгені өндіруді сұрап сотқа жүгінген.
Азаматтық істі қарау барысында сот медиациясы өткізіліп, оның нәтижесінде тараптар дауды (жанжалды) сот медиация тәртібімен реттеу туралы келесі келісімге келді: талап қоюшы И. жауапкер С.-ға жол көлік оқиғасымен келтірілген зиянды өндіру туралы қойған талаптарынан бас тартады, жауапкер С. жол көлік оқиғасымен келтірілген 300 000 тенге шығынды 14 ай ішінде өз еркімен төлеуді міндетіне алады.
Сотпен азаматтық іс бойынша сот өндірісі тоқтатылып, талап қоюшыға мемлекеттік баж қайтарылды.
Соттың ұйғарымы заңды күшіне енбеген.
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі