Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Неке бұзу туралы іс медиация тәртібімен тоқтатылды

Неке бұзу туралы іс медиация тәртібімен тоқтатылды

Қазалы аудандық сотымен ашық сот мәжілісінде талап қоюшы А.-ның жауапкер Ж.-ға қойған неке бұзу туралы азаматтық ісі қаралды.

Талап қоюшы А., өзінің талап арызында, жауапкер Ж.-мен заңды некеде тұрғанын, алайда, жауапкермен мінездері жараспағандықтан, отбасын сақтауға мүмкіншілік жоқтығын айтып, көрсеткен.

Соттың 18.10.2018 жылғы ұйғарымымен ерлі-зайыптыларды татуластыру мақсатында және ортақ кәмелетке толмаған балалардың мүддесін ескеріп 1 ай татуласу мерзімі тағайындалған.

Сот отырысында тараптар медиация тәртібімен реттелген келісімін бекіту туралы талап-тілек қойып, медиативтік келісімнің талаптары бойынша талап қоюшы А. мен жауапкер Ж. сотпен белгіленген мерзімде бір-бірімен татуласып, бір отбасы болып тұрып жатқандары анықталды.

Сот ұйғарымымен талап қоюшы А. мен жауапкер Ж. екеуінің араларындағы некені бұзу туралы азаматтық іс бойынша медиация тәртібімен реттелген келісімі бекітіліп, аталған азаматтық іс бойынша тараптардың медиация тәртібімен келісімге келуін сот бекітуіне байланысты іс жүргізу тоқтатылды, сондай-ақ, бюджетке төленген мемлекеттік баж талап қоюшы А.-ға қайтарылды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі
26 қараша 2018 ж. 1 995 0

Тілге құрмет – елге міндет

13 қыркүйек 2025 ж. 14

Тұрғындар тілегі назарда

13 қыркүйек 2025 ж. 13

Алқаптағы алғашқы орақ

13 қыркүйек 2025 ж. 7

Бішкекте жер сілкінді

12 қыркүйек 2025 ж. 127

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930