Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үздік мұражай атанды

Үздік мұражай атанды

Мекетеп мұражайы оқушылардың тарихи танымын арттыруға, олардың өлке шежіресін танып-білуіне тигізер пайдасы мол. Осындай рухани құндылықтар сақтаған қасиетті орын Ақтан батыр ауылындағы №90 мектеп жанында да бар.

Жақында Астана төрінде өткен республикалық «Үздік мұражай – 2018» байқауында аталған мұражай ұжымының еңбегі жоғары бағанды. Оларға бірінші орын жүлдесі тапсырылып, олжалы оралды.

Бұл жеңіс ел сенімін арқалаған еліктей қыз Гүлсезім Елубай мен оның жетекшісі Шынар Тағыбергенованың тынымсыз ізденістері арқасында келді. «Бастаусыз – бұлақ болмайды» деген. Бүгінгі күні осы мұражайды ашуға мұрындық болған Қатира Ниязқызы, Қайрақбай Жақсыбайұлын, осындай дәрежеге жеткізген білікті басшымыз Ділдабек Инаятуллаұлы, қажетінше қолдау көрсеткен Ғ.Мұратбаев мемориалдық музейінің директоры Роза Шорақызы, жетістікке жігер берген демеуші «Сыр маржаны» ЖШС директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Мінәжадин Сражадинұлы мен аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Әбілқасым Қуантқанұлының есімдерін аса құрметпен атап өткен жөн.
Нұрлан КӨПЖАСАРҰЛЫ
21 желтоқсан 2018 ж. 1 971 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 110

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930