Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Рухани жаңғыру орталығында болды

Рухани жаңғыру орталығында болды

Елбасы мақаласында әрбір азамат туған жерінің тарихын білуге, құндылықтарын қастерлеп, дамуына өз үлесін қосуға міндетті деген болатын.
Бүгін Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменттің ұйымдастыруымен  жас қызметкерлерге тәрбие беру, олардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру мақсатында Сырдарияның сол жағалауында орналасқан «Рухани жаңғыру» орталығына барды. Рухани жаңғыру орталығының директоры Н.Мыңжас Рухани жаңғыру орталығының Атамекен және ақпарат толқыны, Рухани қазына, Тәрбие және білім бөлімдерінің қандай  бағыттар бойынша жұмыс атқаратыны  туралы мағұлмат берді.  
Орталықтың екінші бөлігінде мұражай орналасқан. Өткені мен бүгінінен сыр шертетін орталықтың мұражайында 500-ден астам рухани құндылықтар  қойылған. Жас қызметкерлер Қызылорда қаласының тарихына мен Алаш партиясының құрылуы, Қызылорда қаласының Астана болған 1925-1929 жылдардағы және Қызылорда қаласының 1938-1990 жылдардағы әлеуметтік–экономикалық дамуын қамтитын, Тәуелсіздік жылдарында атты үш залды аралап, мұражай қызметкерлерінен Қызылорда қаласы туралы толық мағұлмат алды.
Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жастарымызға рухани азық болатын маңызы терең, ауқымы зор , өнегесі мол айтулы дүние. Қаламыздың өткені мен бүгінінен шыр шертетін мәдени–тарихи мұраларымен танысқан департамент қызметкерлері «Рухани жаңғыру» орталығына ризашылықтарын білдірді.  
08 қазан 2018 ж. 1 323 0

Сақ патшайымы – Зарина

11 қазан 2024 ж. 82

Баба рухы ардақталды

10 қазан 2024 ж. 143

Талғардағы трагедия

10 қазан 2024 ж. 146

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031