Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Қос музей қызыққа кенелтті

Қос музей қызыққа кенелтті

Қасиетті Қазалы топырағы тари­хының тым тереңде жатқаны көп­шілікке мәлім. Оларды жас ұрпақ­қа үлгі етіп, туған жердің асыл мұра­ларымен таныстыру мақсатында түр­лі жұмыстар жасалып келеді. Десе де, жуырда оқушылардың жаз­ғы демалыс уақытын тиімді өткізу мақсатында Қазалы ауданының экономика және бюджетті жоспарлау және аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Тарихи және қасиетті жерлерге туристік сапарлар ұйымдастыру» жобасы қолға алынды. Балғын шәкірттердің алғашқы саяхаты Қазалы қаласындағы Ғ.Мұратбаев­тың мемориалдық музейі, Әйтеке би кентіндегі тарихи-өлкетану мұражайы­ның құнды жәдігерлерімен танысудан басталды.
Өлке тарихына үңіліп, түрлі асыл мұралар мен музейлердегі байырғы заттардың тарихымен, қатпарлы ше­жіресімен танысқан олардың керемет әсерге бөленгенін айтпай кетпеу­ге болмас.
Ұлағатты істің басы-қасында жүр­ген «Қазалы ынтымағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Сәнімкүл Күлік­баевадан оқушылардың өлке тари­­хына деген қызығушылығы жөнінде сұраған болатынбыз.
– Туған жердің әр пұшпағы киелі. Оның ішінде, Тұран ойпатында орна­ласқан Қазалы ауданының тарихы сонау ерте ғасырлардан сыр шертіп тұрады. Тағылымды тарихқа өте бай. Өңірде 6 республикалық, 53 жергілікті маңызы бар және 34 алдын ала есепке алынған тарихи-мәдени ескерткіш бар.
Олардың қатарына Жанкент қала­шығы, Жанқожа батыр кесенесі, Ғанибай мешіті, Ғанибай үйі, Ғ.Мұратбаевтың мемориалдық музейі, Сараман Қоса мұнарасы, Ақтан батыр кесенесі, Мірәлім (Нұралы) мешіті, Әйтеке би ескерткіші, Мүсірәлі кесенесі, тағы басқалары жатады.
Осындай тарихи орындарға турис­тік сапарлар ұйымдастыру өз кезегінде ауданда туризмді дамытып, өскелең ұрпақтың бойына үлкен білімдарлықты қалыптастырып, отан­сүйгіштік қасиетті дарытатыны сөзсіз. Келесі сапарымыз Қар­мақшы ауданындағы Қорқыт ата кеше­нінде жалғасады. Сапар барысында қатысушыларға театр әртістері “Қорқыт аңызы” сахналық қойылымын көрсетеді. Сонымен қатар, кешен мейрамханасында түскі ас беріледі, – деген жоспарын жеткізді.
Иә, тұтас бір ұлтты сүю өзіңнің туған топырағыңды, өскен жеріңді қадірлеуден басталатыны рас. Міне, осындай ұлағатты іс жасап жатқан ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара қазан айының соңына дейін 10 мәрте өткізіледі екен.
Е.ТАБЫНБАЕВ
11 тамыз 2018 ж. 1 152 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 76

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930