Ақтан ауылындағы ауызбірлік
Ақтан батыр ауылында сенбілік өтті. Күзгі санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру шарасына Көларық ауылдық округі әкімінің аппараты, №190 орта мектеп, Ақтан батыр ауылдық клубы, дәрігерлік амбулаториясы, Арал-Сарбұлақ су торабының филиалы және «Сыр маржаны» серіктестігінің қызметкерлері, ардагерлер кеңесі, «Әзілхан ишан» мешітінің жамағаты, ауыл тұрғындары мен кәсіпкерлер біркісідей атсалысты. Сенбілікке облыстық мәслихат депутаты Мінәжадин Өтеев те қатысты.
Сенбілік аясында «Ағаш отырғызу күні» күздік акциясы ұйымдастырылды. Ауылдың көркіне сән беретін саялы ағаштар, жиде жеміс ағаштары отырғызылды. «Тағзым алаңына» 50 түп үйеңкі көшеті егілді. Сонымен қатар, орталық алаң мен орталық көшелер күл қоқыстардан тазаланып, 1 текше метр болатын бейберекет шашылған күл-қоқыс залалсыздандырылды.
«Қазалы» ақпарат