Мемлекеттік қызметшілерге қандай сыйлық жиі беріледі?

– Парето қағидаты туралы естіген боларсыздар. Оған сәйкес, қызметкерлердің 20 проценті ұйымдағы жұмыстың 80 процентін атқарады. Бұл дүние мемлекеттік қызметтегі жүйеге қандайда бір дәрежеде сәйкес келеді. Бүгінгі күні агенттіктің аумақтық бөлімшелері едәуір оңтайландырылды. Қолданылған шара нәтижесінде қызметкерлердің жалақысын қосымша 30 процент көтеруге мүмкіндік бар. Соған сәйкес, қызметшілердің жұмыс тиімділігі де арта түсті. Енді әр қызметкер қысқа мерзімде нақты нәтижеге қол жеткізуге мүдделі. Агенттіктің тағы бір жобасы – жұмыс уақытының икемді кестесін орнату. Балаларын күнделікті балабақша мен мектепке алып бару қажеттілігі бар қызметкерлер үшін жұмыс күнін сағат 9:30-да бастау қарастырылды. Сонымен қатар қызметкерлер өз қалауынша түскі үзіліс уақытын ұзартуға құқылы болады, – деді департамент басшысы.
Спикер облыста жемқорлықты жоюдың озық механизмдерін қолдана отырып, қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыруға бағытталған «Рrotecting business and investments» жобасының қарқынды жүзеге асып жатқанын да тілге тиек етті. Айта кету керек, бастаманың басым бағыты – кәсіпкерлердің құқығын қорғау, бизнес үдерісті оңтайландыру, қоғамдық бақылау орнату және инвесторлардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сауаттылығын арттыру. Осы мақсатта департамент пен Ұлттық бюро департаменті қызметкерлерінен тұратын жедел топ құрылған. Ол тәулігіне 24 сағат және 7 күн бойы жұмыс жасайды, «Kazakh invest» АҚ филиалындағы үйлестірушімен тікелей байланыста болады. Жыл көлемінде шетелдік және отандық инвесторлардан түскен 14 өтініш бойынша тиісті жұмыс атқарылған. Сонымен қатар облыстағы жалпы құны 592,7 млрд теңгені құрайтын 15 инвестициялық жобаны антикоррупциялық сүйемелдеу туралы келісімдерге қол қойылған. Департаменттің тікелей араласуы нәтижесінде «Медикеа ИИС» ЖШС мен облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы арасындағы 118 млн теңгені құрайтын мемлекеттік сатып алу туралы келісімнің орындалуы қамтамасыз етіліп, бизнес субъектісінің құқықтары қорғалған.
Абзал Сансызбайұлы сондай-ақ, мемлекеттік қызметкерлерге қызмет бабын пайдаланып, жеке және заңды тұлғалардан сыйлық алуға, емдік-сауықтыру мен демалыс жолдамаларын қабылдауға қатаң тыйым салынғанын тағы бір еске салды. Жыл басынан бері мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне 22 сыйлық тапсырылғанын айтып, арнаулы қордағы құнды заттар нарықтық бөлшек саудаға шығарылғанын, түскен қаржы республикалық бюджетке аударылатынын хабарлады. Қолда бар мәліметтерге сүйенсек, мемлекеттік қызметшілерге бір қорап конфет, қол сағаттары, жұмыс үстеліне қойылатын кәдесыйлар жиі беріледі екен.

М.СНАДИН.