Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік қызметшілерге медициналық қызмет көрсететін орталық ашылады

Мемлекеттік қызметшілерге медициналық қызмет көрсететін орталық ашылады

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзгерістерді өзіңнен баста» бағытындағы жобаны іске асыру мақсатында және агенттік төрағасымен бекітілген Кешенді жоспарға сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы А.Мұхимов пен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Әлназарова облыс орталығындағы мемлекеттік мекемелерде қызмет атқаратын мемлекеттік қызметшілерге медициналық қызмет көрсететін бірыңғай орталық ашу бойынша Меморандумға қол қойды.
Ендігі жерде, Қызылорда қаласындағы барлық мемлекеттік қызметшілерге медициналық қызмет бірыңғай орталықта көрсетілетін болады. Меморандумға сәйкес мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің медициналық кеңес алуы, емдеу шараларын пайдалануы, сондай-ақ, жыл сайынғы профилактикалық медициналық тексеруден өтуі қамтамасыз етіледі.
Департамент басшысы А.Мұхимов мемлекеттік қызметшілер үшін бірыңғай медициналық қызмет көрсету орталықтарын ашу мәселесі еліміздің барлық аймақтарында да қарастырылып жатқандығын атап айтты.
29 сәуір 2018 ж. 1 554 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 73

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930