Тарих – болашақтың асыл қазынасы
Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы Қазақстандық жұртшылыққа үлкен серпін берді деп есептеймін. Тарих ол асыл қазына болып табылады.
Тарихын білмеген адам, өзінің және елінің дамуына толыққанды үлесін қоса алмайтыны белгілі. Елбасы өз мақаласы арқылы ұлт тарихын танудағы жаңа кезеңге қадам басуға шақырады. Әлем сахнасында Қазақстан өзінің лайықты орыны алу керек. Себебі, біздің еліміз экономикалық, саяси, әлеуметтік, экологиялық жағынан, әсіресе тарихы тұсынан мықты қалыптасқан мемлекетпіз.
Дамыған елдерде үстел кітапшасы ретінде, үш кітапты ерекше құрметтеп, жатқа біледі екен. Біріншіден ол тарих, екіншіден діни кітап, ал үшінші кезекте ата заң екен. Сол себепті, 30 дамыған елдердің қатарына қосылуда біз осы үрдісті ұстансақ ұтылмаймыз. Алайда, тарих нақты деректермен сүймелденуі қажет. Сол себепті ғалымдар әр уақытта ізденісте болып, жаңалықтар ашуға дайын болуы қажет.
Мақала екі үлкен бөлікке бөлінген: біріншісі- Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт болса, екіншісі-Тарихи сананы жаңғырту деп аталады. Алғашқы бөлімі тарихи бар дүниелерді және олардың ерекше тұстарын баяндаса, екінші бөлімде сол құндылықтарымызды дәріптеудегі негізгі механизмдер келтірілген.
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев елдің болашағын ойлаудағы саралы ойлары, өміршең, заман талабына сай ұлтты, мемлекетті қалыптастыруға бағытталған. Көкірегі ояу әр азамат осы мақала аясында тек өз тарихын толыққанды білумен шектелмей, соны шығармашылық түрде насихаттауға мүмкіншілігі туады. Ал бұл өз кезегінде ғалымдарға жаңа мүмкіншіліктер мен шығармашылық табыстар әкеледі.