Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық құндылық – өшпес мұра

Ұлттық құндылық – өшпес мұра

Елбасы ұлттың тарихы туралы айтқанда қазақтың ұялатын тұсы жоқ екеніне ерекше маңыз беретіні әрбір қазақстандықтың санасына отансүйгіштік қабілетті қаттап, мақтаныш сезімін ұялатады. Оның «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы да көмбедей көмілген өткеннің жарқын көрінісі – қатпарлы тарихты жас ұрпаққа ұғындыруда қадау-қадау мәселелер сараланып, оны ғылыми негізін жандандыру мақсатында ұтырлы ұсыныстар айтылған.
Алаш жұртының ежелгі қолданбалы өнеріндің дамығанын заттай табылған айғақтар, ауыздан-ауызға жеткен бай әдебиетіміздің үлгілері айқақтайды. Елбасымыз мақаласында өткеннің бүгінсіз, бүгіннің болашаққа беталыссыз дамымайтынын санаға сіңіреді. Бұл бағытта бірнеше маңызды мәселені алға тартып, көптен күткен рухани қажеттілікпен табысқандай күйге ендік.
Мен бабалақшада тәрбиеші болып жұмыс істеймін. Бала әдетте кішкентайында көрген-білгенін, танып-ұғынғаны арқылы дамиды. Қазіргі таңда «Балапан» арнасындағы тарихи бейнелер қамтылған бағдарламалар мен мультфильмдер кейіпкерлері арқылы тәрбиеленушілерім өздеріне оларды үлгі тұтады. Бір кезде губка бала, өрмекші адам, темір адам секілді бейнелерге еліктейтін өскіндерді қазірде отандық бейнелер алмастырды. Осындай ұлт ұлылары туралы анимациялық туындылар қатары көбейсе үлкен көмек болар еді. Елбасының өркениетті өрістетіп, танымды тереңдететін бұндай жұмыстарды жандандыру туралы тапсырмасы қатты қуантты. 
Мемлекет басшысының «Қазақтың даңқты батырлары, ойшылдары мен ел билеушілері – тек Қазақстан ғана емес, сондай-ақ, бүкіл әлем бойынша еліктеуге лайықты тұлғалар» дегені ешкімді бейжай қалдырмаса керек.
Аталмыш мақаладан қуаттанған ағарту саласының мамандары ұлттық педагогиканың айнымас құралына айналған төл тәрбиені одан әрі жандандыру жолында ғы ортақ іске лайықты үлесімізді қос абереміз.
Айнұр СЕМБАЕВА,
«Ақерке» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі .

21 қараша 2018 ж. 1 995 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 76

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930