Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғажайып құлаққап

Ғажайып құлаққап

Қызылордадағы «Кәсіпкерлер үйінде» облыс жастарының арасында «Байқоңыр Start-up 2» бизнес-идеялар байқауы өткізілді. Жүлделі бірінші орынды Қызылорда қала­сынан Дастан Айтбайдың «Инновациялық құлақ­қап «Safe headphones» жобасы жеңіп алды. Оған арнайы диплом мен 300 мың теңгенің сертификаты табыс етілді.
Дастанның құлаққабын нағыз инновациялық жоба деп айтуға болады. Бүгінгі жастардың смартфоннан екі елі ажы­рамай­тындығы белгілі. Ұялы телефонындағы әуен­дерді сымтетік арқылы құлағына қыстырып, сыртынан құлаққап киіп алған бозбалалар мен бойжеткендер ту сыртынан машина келіп қалып, сигналын ойбайлатып басқанымен естімейді. Рұқсат етілмеген жол қалтарыстарынан шыға кел­ген жасөспірімдердің апатқа ұшырап жатқан­дары бар.
Үлкендерді тыңдағысы келмеген сол тұстас­тарын Дастан өнертапқыш мойындатты. Дастан ойлап тапқан құлаққап ішінде қауіпсіздік сигналы бар. Автомобиль, жол-көлік қызметкерлерінің, жедел-жәрдем машиналарының сигналы іске қосыл­ғанда, құлаққаптағы музыка бірден тоқтайды.
Жақындап қалған көліктің дауысын ажыратып, қауіптің келіп қалғандығын әуенді тоқта­ту­мен білдіреді. Қауіптің алдын алуға жәрдем­десетін мұндай құрылғыларды көптеп дайын­дауға облыс әкімдігі мен Қор­қыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік универ­сите­тінің басшы­лығы ұсыныс білдіріпті.
Дастанның жобасы осылайша бірінші орынға ие болды. Екі екінші орынды қызылордалық Шыңғысхан Сәдуовтің «Жарнама бизнес-идеясы» мен Сырдария ауданынан Өмірзақ Есболатовтың «Сауықтыру орталығы» жобасы бөлісті. Үшінші орын «Тігін цехы» жобасының иегері шиелілік Гүл­нұр Үдербаеваға, «Логистикалық орталық «Logo Center» жобасының авторы Уәлихан Тасқа­ра мен «Кішкентай ханымдар» мектебі» жоба­сының иесі Ақбота Базарбайға бұйырды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді облыс әкімі­нің орынбасары Руслан Рүстемов арнайы құттықтады.
06 қараша 2018 ж. 913 0

Ұрпағы ұлықтаған Самұрат би

31 желтоқсан 2025 ж. 143

Кәсіпкерлікке қолдау кең

31 желтоқсан 2025 ж. 155

Шаттық сыйлаған шырша тойы

31 желтоқсан 2025 ж. 166

Аудан әкімі ауылдарды аралады

31 желтоқсан 2025 ж. 156

Аудан әкімінің құттықтауы

31 желтоқсан 2025 ж. 160

Жылан жылындағы жақсы істер

31 желтоқсан 2025 ж. 132

Жылқы жылынан не күтеміз?

31 желтоқсан 2025 ж. 166

365 күндегі 100-ші басылым

31 желтоқсан 2025 ж. 133

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031