Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аяғын лифт жұлып әкеткен әйел қайтыс болды

Аяғын лифт жұлып әкеткен әйел қайтыс болды

Ақтөбе қаласында лифт әйелдің аяғын жұлып әкетті. Тұрғын оқиға болған жерде қайтыс болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқыс оқиға 2018 жылдың 4 сәуірінде 12 ықшам ауданының №19 үйінде болды. Әйел лифтке үш жасар баласымен бірге кірген. Дәрігер мамандардың айтуынша, ол лифт кабинасына толық кіріп үлгермеген. Осыған қарамастан лифт төменгі қабатқа қарай жылдам жүріп кетеді.
«Әйел адам лифтке үш жасар баласымен бірге кірді. Қандай да бір себеппен әйелдің аяғы сыртта қалып қояды. Есік жабылып, лифт жүріп кетеді. Аяғы сол жерде жұлынды. Мұндай жарақат салдарынан тірі қалу мүмкін емес еді», - дейді Жедел жәрдем станциясы бас дәрігері орынбасары Дастан Неталиев.
Дәрігердің айтуынша, баланың жағдайы жақсы, дені сау, өзі аман.
«Баланың жағдайы дұрыс. Құтқарушылар келіп, оны аман алып шықты», - деп сөзін жалғады Дастан Неталиев.
Baq.kz
05 сәуір 2018 ж. 2 238 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930