Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Құлаққап таңдай білеміз бе?

Құлаққап таңдай білеміз бе?

Құлаққап таңдар кезде біз оның белгілі бір іске, мамандыққа, жұмысқа арнайы жасалғанын аңғара бермейміз және үлкен доға құлаққап сатып алғанда көңіліміз толмай, қате таңдау жасап жатамыз. Себебі кез келген құлаққаптың адам қажетіне сай қабілеті, жасалу технологиясы бар. 
Қазір құлаққап таңдау біршама қиындай түсті. Жыл сайын компаниялар түрлі жаңа модельдер ұсынады бірнеше жаңа модельдер ұсынуда, ал олардың барлығы бірдей әмбебап емес. Бірінің дыбыс сапасы мықты болса, енді бірінің функционалдық артықшылығы бар. 
Құлақаспап шығару технологиясы озық Sony компаниясы құлаққаптарды негізгі төрт категорияға жіктейді: 
1) ішкі арналы сымды құлаққап; 
2) ішкі арналы сымсыз ілмек құлаққап; 
3) сымды доға құлаққап; 
4) сымсыз доға құлаққап; 
5) спорттық құлаққаптар. 
Ілмек құлаққаптардың кең таралуына қарамастан үлкен доға құлаққаптар әлі де қолданыста бар, өйткені олардың артықшылығы көп тыңдарман игілігіне жарап жатыр. Олар ілмек құлаққапқа қарағанда дыбысты ілмек құлаққапқа қарағанда анық, ауқымды, таза шығарады. Тек қолдану мақсатыңыз бен приоритетіңізге қарай дұрыс таңдасаңыз болғаны.
Ішкі арналы сымды құлаққаптар
Бұл категория тыңдармандар арасында кең таралғаны, себебі смартфондар жинақтамасында бірге берледі әрі өзіңізбен алып жүруге өте ыңғайлы. Ішкі арналы құлаққаптар, мысалы Sony MDR-EX1AP және MDR-EX155AP, әдетте жеңіл, құлаққа тағуға ыңғайлы және оңай шырмалмайтындай етіп жасалады.
Ішкі арналы сымсыз ілмек құлаққап
Сымсыз ілмек құлаққаптарды түбегейлі сымсыз деуге келмейді, себебі олар мойынтірек кабельмен жұмыс істейді. Сәйкесінше дыбыс құрылғысымен Bluetooth арқылы байланыс орнатады. Ал ішкі арналы сипаты сыртқы дыбыстарды тұншықтырады. Бөгде дыбыс құлаққа естілмей, музыка тек ішкі арна бойынша ойнайды. Бұл модельдердің басты артықшылығы – сымдар оратылмай, жинақы тұрады әрі өзіңізбен бірге алып жүруге ыңғайлы. Sony WI-C300 және WI-C400 құлаққаптарының дизайнына қарап бұл сөзімізге көз жеткізсеңіз болады. Талғамыңызға қарай түсін де таңдауға болады. WI-C300 құлаққабының 8 сағат бойы жұмыс істеуге қабілетті, ал WI-C400 моделі болса 20 сағат үздіксіз қызмет етуге дайын.
Сымды доға құлаққаптар
Сымды доға құлаққаптар музыка тыңдауға, компьютермен жұмыс істеуге, қоңырауға да жауап беріп гарнитура ретінде қолдануға ыңғайлы. Sony MDRXB310AP құлаққабы бұған лайықты мысал бола алады: жеңіл, икемді, мобильді. Сондай-ақ MDRXB155AP моделі де – сымды құлаққаптың сапалы түрі. Қалауыңызға қарай түсін де таңдап алуға болады.
Сымсыз доға құлаққаптар
Сымсыз құрылғының ең негізгі артықшылығы – қозғалыс кезінде ыңғайлы болуы. Сондай-ақ мұндай құлаққаптарды өзіңізбен алып жүретіндіктен, өндірушілер оның пішінін барынша сәнді етіп жасайды. Музыка тыңдауды дағдыға айналдырған меломандар үшін таптырмайтын категория. Sony WH-CH400 және WH-CH500 модельдерінің 30 миллиметрлік динамиктері дыбысты қанық етіп шығарып, жоғары сапаның үлгісін көрсете алады.
Смартфон, ноутбукқа NFC және Bluetooth технологиялары арқылы жалғанатын бұл құлаққаптар түрі аккумулятор деңгейіне қарай қуатты бірнеше сағат бойы сақтайды. Мысалы ең қуатты деген Sony MDR-ZX330BT, MDR-XB650BT EXTRA BASS, WH1000 және WHH900 модельдері толық қуатты 30 сағатқа жеткізеді. Сондай-ақ аталған құлаққаптар Hi-Res Audio және сыртқы шуды басатын қабілетке ие.
Спорттық құлаққаптар
Музыкамен жаттығу жасайтын спортшылар аз емес. Оларға арналған спорттық құлаққаптар да жетерлік. Бұл категория технологиясы аса мұқият жасалады. Sony WI-SP500, WI-SP600, WF-SP700, WF-SP900 спорттық құлаққаптарының барлығы дерлік сыртқы дыбыстарды естуге мүмкіндік береді. Сол арқылы апаттық жағдайдың алдын алуға болады. Бұл құлаққаптар велоспорт, кроссфит, бокс, аэробика, құзға шығу сияқты динамикалы спорт түрлерімен айналысатындар үшін өте қолайлы.
Біз назарыңызға үлгі ретінде құлаққаптардың тек бірнеше моделін ұсындық. Әйтсе де, Sony өнімдері ішінде өз қалауыңызға қарай түсі, категориясына қарай моделі ұнайтын біршама құлаққап табылары сөзсіз.
15 қыркүйек 2018 ж. 2 194 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 58

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930