Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жүйелі жоспар жетістікке жетелейді

Жүйелі жоспар жетістікке жетелейді

Ауданда «Игіліков Т» шаруа қожалығы 2006 жылдан бастап балық шаруашылығын дамытуда елеулі үлес қосып келеді. Осы күнге дейін су маржанын қатырып, мұздатылған күйде саудалап, кәсібін дөңгелетті. Бүгінде цех ғимаратын кеңейтіп, құрал-жабдықтар алғаннан кейін балықты өңдей бастады.
Қазір мұнда 30 адам жұмыспен қамтылған. Жоғары сұранысқа ие зауытқа Төребек Игіліков басшылық етеді. Жігіт ағасы осыдан тура он жыл бұрын кәсібін өркендету жолында «Ақбасты» өндірістік корпоративін құрды. Іскер кәсіпкер өндірісті ұлғайту мақсатында Кіші Арал теңізінің №1 учаскесін иелігіне алады. Әрбір қадамын бағамдаған ол екі жылдан соң Арал ауданы, Ақбасты елді мекенінде тоңазытқыш орнатады.
Бұл күні Төребек Жұмабекұлының балық өңдеу зауыты қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Арнайы зертханасы бар. Өндіріс кешеніне сүбе мен балық тұздау және балық қатыратын, сондай-ақ, сақтайтын цехтар кіреді. Сүбе цехы күніне 2 тонна балық өнімдерін шығарса, балық тұздау цехы 3 тонна балық өнімдерін өндіреді. Қазіргі кезде жаңа технологияға байланысты реконструкция өтіп жатыр. Балық қатыратын және сақтайтын цех тәулігіне 20 тонна балық қатыра алады. 600 тонна көлемінде балық қатыратын сақтау камералары жұмыс істейді. Осының бәрі оның істің көзін тап басып, жүйелі жоспар құруының арқасы деуге негіз бар. Атап айтсақ, Т.Игіліков өнімді көбейту үшін 2012 жылы Кіші Арал теңізінің №13 учаскесін иеленеді. Балхаш қаласынан 6 дана «СМБ-40» жылым қайығын және де 60 дана шағын кайық сатып алады. Осылайша, табысты басшы екі жыл ішінде Арал ауданы Ақеспе елді мекенінде тағы бір тоңазытқышты іске қосып, 5 адамды тұрақты жұмыспен қамтиды. Онда тәулігіне 10 тонна балықты қабылдап, қатыру мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, 200 тоннаға жететін өнімді сақтай алады. Кіші Арал теңізінде 60-қа жуық балықшы еңбек етуде. Сонымен қатар, мерзімінде тағы 50-ге жуық азамат балық аулайды. Жиырма жылдан аса тәжірибесі бар кәсіпкер зауыттан шығарылған өнімге сұраныс жоғары екенін жеткізді.
–Біздегі өндіріс цехы, балық сақтайтын камералар, тұрмыстық бөлмелер
халықаралық стандарттар мен ЕуроОдақ талаптарына сай салынған. Көксерке сүбесін өңдейтін зауыт 2017 жылы пайдалануға берілді. Оның құрылысы мен жабдықтар шығыны 100 миллион теңгені құрады. Зауыт аумағы қоршалған және арнайы күзетпен қорғалады. Бүгіндері көксерке сүбесі Нидерландияға жөнелтілсе, қатырылған торта, табан, тісті балықтар Ресейге жіберіледі. Әлі де ойға алған жоспарлар көп. Оны жүзеге асыру жолдары қарастырылуда, – деді Т.Игіліков.
Іскер азамат табысы мол кәсібімен қатар, отбасында бес баланың тәрбиесіне де ерекше ден қояды. Оның жылдар бойғы еңбектері еленіп, облыс пен аудан әкімдері және балық шаруашылығы комитетінің алғыс хаттарымен марапатталған. Сонымен бірге, Қызылорда облысы әкімінің «Үздік табиғат пайдаланушы» және «Үздік балық өңдеу кәсіпорны» наградасы ұсынылды. Сондай-ақ, оған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Құрмет» грамотасы мен Қазалы ауданы әкімінің Дипломы табысталған.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА


25 қазан 2018 ж. 1 957 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 69

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 64

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930