Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Балық байлықты еселейді

Балық байлықты еселейді

Бұған дейін Ресей мен Европаның Австрия, Германия және Дания елдеріне балық өнімін жөнелтіп отырған «СПК Қызылорда балық» серіктестігі 2017 жылдың қарашасынан бастап Қытай еліне де теңіз көксеркесінің дәмін татқызып отыр. Яғни, Қытайға 60 тонна балық экспорттады.
Жеті жыл бұрын жұмысын бастаған серіктестік тәулігіне 3 тонна дайын көксерке сүбесі мен 150 келі туралған балық етін дайындайды. Серіктестіктің кіші арал теңізінде участогы мен аудан көлемінде бірнеше көлдері бар. Сондай-ақ, серіктестіктің Арал ауданының Бөген елді мекенінде балық өңдеу зауыты бар.
Қызылорда облысы бойынша балық аулау, балық өнімдерін қайта өңдеп, ірі көлемде экспорттайтын мекеменің барлық құжаттары Евроодақ талаптарына сай. Бұндағы негізгі өнім – көксерке сүбесі. Сүбеден бөлек, оның мойын еті, жақ етінің фаршы ішкі нарықта сұранысқа ие.
Серіктестіктің атқарушы директоры Жанарыс Ернияздың айтуынша, дайын өнім қоймадағы тоңазытқышта сақталады. Өздері аулап, өздері өңдейді, өздері сатады. Өңдеу демекші жыл сайын зауыттар жаңа технологиялармен жабдықталады. Барлық жұмыс заманауи техникалық құрал-жабдықтармен жүреді. Олар өнімнің сапасына айрықша мән береді. Мәселен, зауыттағы мамандар сапалы көксерке еті беті тегіс және ақ түсті болады дейді.
Зауыт басшылығы қайырымдылық іс-шаралардан да қалыс қалмайды. Аудандағы тұрмысы төмен отбасыларына жыл сайын бірнеше тонна балық және балық уылдырығын беріп, көмек көрсетеді.
Серіктестік ұжымы тынымсыз еңбек, сапалы өнімнің нәтижесінде «Қазақстанның үздік тауары – 2013» өңірлік көрме конкурсының «Халық тұтынатын үздік тауарлар» номинациясы бойынша үшінші дәрежелі, 2014 жылы аудандық «Алтын күз» меркесінде «Үздік азық-түлік туарлары» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Өнімі сыртқы нарықта үлкен сұранысқа ие «СПК Қызылорда Балық» серіктестігін «Ерен еңбегі» медалінің иегері, білікті кәсіпкер Аманбай Ерхатов басқарады.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА.
23 қаңтар 2018 ж. 2 967 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031