Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Балық – бағалы байлық

Балық – бағалы байлық

Елбасының тапсырмасымен жүзеге асырылған «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» (САРАТС) жобасының бірінші кезеңінің сәтті аяқталуы Қызылорда облысында балық шаруашылығының дамуына үлкен мүмкіндіктер жасады.
Жобаның жемісті болғанын қойнауына құт қонған Қазалыдан да аңғаруға болады. «СПК Қызылорда балық» серіктестігі мен жеке кәсіпкер Т.Игіліковке қарасты балық өңдеу зауыттарының жұмыстары жанданды.
Атап айтсақ, өткен жылдың өзінде өлкеде 1,2 млрд теңгені құрайтын 624 тонна балық ауланды. Аудандағы «СПК Қызылорда балық» ЖШС мен жеке кәсіпкер Т.Игіліковтің балық өңдеу зауыттарында өндірілген 1622 тонна балық өнімдері Еуропа елдеріне және Ресей Федерациясына жөнелтілді. Бұған дейін Ресей мен Еуропаның Австрия, Германия және Дания елдеріне балық өнімін экспорттап отырған «СПК Қызылорда балық» серіктестігі өткен жылдың қарашасынан бастап Қытай еліне де теңіз көксеркесінің дәмін татқызды. Яғни, Қытайға 60 тонна балық экспорттал¬ды. Серіктестік тәулігіне 3 тонна дайын көксерке сүбесі мен 150 келі туралған балық етін дайындайды. Серіктестіктің Кіші Арал теңізінде участогы мен аудан көлемінде бірнеше көлдері бар. Сондай-ақ, кәсіпорынның Арал ауданының Бөген елді мекенінде де балық өңдеу зауыты жұмыс істейді.
Қызылорда облысы бойынша балық аулау, балық өнімдерін қайта өңдеп, ірі көлемде экспорттайтын мекеменің негізгі өнімі – көксерке сүбесі. Сүбеден бөлек, оның мойын еті, жақ етінің фаршы ішкі нарықта сұранысқа ие. Дайын өнім қоймадағы тоңазытқышта сақталады. Өздері аулап, өздері өңдейді, өздері сатады. Жыл сайын зауыттар жаңа технологиялармен жабдықталады. Барлық жұмыс заманауи техникалық құрал-жабдықтармен жүреді. Олар өнімнің сапасына айрықша мән береді. Мәселен, зауыттағы мамандар сапалы көксерке етінің беті тегіс және ақ түсті болады дейді.
Ал, Игіліков кәсіпкерлігі 2011 жылдан бастап Арал теңізінен балықтың 10 түрін аулап келеді. Осы күнге дейін балық өнімдерін қатырып, мұздатылған күйде саудалап келген. Цех ғимаратын кеңейтіп, құрал-жабдықтар алғаннан кейін балықты өңдей бастады. Зауытта тәулігіне 5 тонна балық сүбесі өндіріледі.
Аудан әкімі халық алдындағы есепті кездесуінде «Биыл балық шаруашылығы мақсатындағы Алтынкөл, Аққұдық, Шортанбасат көлдеріне конкурс жариялау жоспарда бар. Тек құжаттарыңыз конкурс талаптарына сай болуы қажет» деген болатын. Қазір осы мақсатта жұмыстар істелуде.
Бүгінде ауданда САРАТС-2 жобасы аясында да маңызды мәселелер қолға алынған. САРАТС-2 жобасының құрамында Қазалы ауданындағы ұзындығы 29 шақырым қорғау бөгеттерінің және Қазалы ауданы Бірлік ауылының жанынан автокөлік көпірінің құрылысы қарастырылған. Осы компонент құрылысы республикалық бюджет қаражаты есебінен салынбақ. Осы ретте көпір құрылысының құны – 3570 млн теңгені құраса, қорғау бөгеттерінің құны – 1747 млн теңге болып отыр. Бұл 2021 жылға дейін жүзеге асыру көзделген. Аталған жобалар жүзеге асқан кезде балық шаруашылығы бұдан әрі дамып, байлық еселене түспек.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
27 наурыз 2018 ж. 3 111 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 74

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 69

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930