Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлы тұлғаға ұқсасам деймін

Ұлы тұлғаға ұқсасам деймін

Менің есімімді әжем Күнқияш Баймаханова елі үшін, халқы үшін абыройлы қызмет ететін азамат болсын деген ниетпен Нұрсұлтан қойған. Қазір жасым он бесте. №170 мектептің 10 «А» сыныбында оқимын. Арманым көп. Ең бастысы атыма затым сай болып, ата-анам, мұғалімдерімнің мақтанышына айналғым келеді. Ол үшін білімді болу қажет екендігін жақсы түсінемін.
Физика, математика пәндерін сүйіп оқимын. 6-сыныптан бастап шахмат ойынынан сайыстарға қатысып, жүлдегер атанып келемін.
«Армансыз адам, қанатсыз құспен тең», кезінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Егер келешекте қолымнан іс келетін азамат бола қалсам, қазақ деген халықты дүниежүзіне танытып, терезесін тең етер едім», – деп армандағанын оқыған едім. Нұрсұлтан атаның арманы орындалды. Бүгінде қазақты дүниежүзі таныды. Оның кең байтақ даласын, қазынасы мол жерін, дархан жатқан бейбіт елін дүниенің төрт бұрышы біледі. Президентіміз бұның бәріне білімі, ақылы, парасаты мен іскерлігінің арқасында жетті. Мен де келешекте елі сүйген Нұрсұлтан болуды қалаймын. Ол үшін елге аянбай қызмет етемін.
Нұрсұлтан АЛШЫНОВ,
оқушы.
30 қараша 2017 ж. 1 958 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 140

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 133

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 121

Жұмысшы жастар – ел ертеңі

20 желтоқсан 2025 ж. 119

Шырша шамы, жарқыра!

20 желтоқсан 2025 ж. 125

Тәрбие мен таным

20 желтоқсан 2025 ж. 115

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031