Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Саясаттың сұңғыла сайыпқыраны

Саясаттың сұңғыла сайыпқыраны

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президент күні ел үшін, бүкіл қазақстандықтар үшін ерекше орны бар мереке деп түсінемін. Атам қазақ «Мың қосшыдан бір басшы» дегендей, Елбасымыздың көрегендігі мен сарабдал саясатының нәтижесінде Қазақстан әлем танитын деңгейге жетті. Ең бастысы – елімізде бейбітшілік пен тұрақтылық орныққан. Бұл біздің байлығымыз, бақытымыз, бағымыз деп ұғынамыз.
Иә, арада қаншама жыл өтсе де сәті түсіп Елбасымен кездесуім мәңгілік есімде қалғандығын айтқым келіп отыр.
Мен астанамызда өткен Тәуелсіздігіміздің 10 жылдық мерейтойына облысымыздың ресми делегациясы құрамында осыдан 16 жыл бұрын қатысу бақытына ие болған жанмын.
2001 жылы 16 желтоқсан күні сағат 15:00-де, Астанадағы Конгрес Холлда Елбасы бізбен жылы амандасып, сөзін бастап кетті. Президентті көру, бірге салтанатқа қатысу, сөзін есту, баяндамасын тыңдау кез келген пенде үшін аса әсерлі, ұмытылмайтын, бақытты сәт екені белгілі. Мұндай кездесуден кейін дүниеге деген көзқарасым өзгерді. Бір ғажабы Елбасымыздың сөзі, жарқын жанары, оның ертеңгі күнге деген сенімділігі санама сәуле шашқандай болды. Сол күннен бастап менде өзіме, өз ісіме деген нық сенім пайда болды. Елбасы өзінің сөзінде «Осы залда отырған сіздер менімен бірге күндіз-түні еңбек еткен ерен еңбектің иегерлерісіздер, әр саланың өкілдері, өз кәсіптеріңіздің шеберлерісіздер. Бүгінгі салтанатты бірге жасадық, Сіздерге үлкен ризашылығымды білдіремін» дегенде маған айтып тұрғандай сезіндім. Елбасының баяндамасын тыңдағанда ақыл айтудан гөрі, ақылдаса отырып ақыл қосуды көргендей болдым. Қазақтың біртуар азаматтары, халық қаһармандары, халық сеніміне ие болған мәжіліс депутаттарымен қатар отырып «Біреудің еңбегін бағалағанға бақ қонады, біреудің қуанышына қуанғанға құт қонады» деген сөздің мағынасын бүкіл болмысыммен сезіндім, түсіндім. Іштей бақ қонған, құт қонған ел болсақ деп тіледім. Салтанатты жиыннан соң Қазақстанның өнер шеберлерінің керемет концертін Елбасымен бірге отырып тамашаладық. Кешкісін «Алатау» спорт кешенінде «Жұлдызды түн» атты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған мерекелік салтанатты шарасына қатыстық. Нұрсұлтан Әбішұлы Сара апаймен вальс билегенде қол созым жерде бізде билеп жүрдік, мерекелік от шашуды бірге тамашаладық. Лазерлік шоуды сонда бірінші рет көрдім.
Қатысушыларға Елбасы салтанаттан ескерткіш ретінде арнайы сый-сияпат жасады. Бір портфель толы қол жете бермейтін құнды кітаптар, мерекелік кәде сыйлар, төс белгі, мұғалімге қажетті құрал-жабдықтар.
Кездесуден тың күшпен ерекше қанаттанып қайттық.
«Жақсы басшы ұзақ жолды қысқартады, жаман басшы қысқа жолды ұзартады» демекші көшбасшымыздың арқасында жиырма алты жыл ішінде ғасырға бергісіз іс тындырылды. Оған халық куә. Халықаралық «Болашақ» стипендиясы арқылы біліміміз әлемдік деңгейге көтерілді. Зияткер әрі зиялы жастар өсіп келеді. Өмірге «Назарбаев зияткерлік» мектептері келді. Үш тілде білім беруді бастап кеттік. Біздің №249 мектеп – лицейде биология, информатика, физика пәндері ағылшын тілінде, тарих орыс тілінде оқытылуда. Лицей сабақтарын тек қана магистрлер береді. Барлық шаралар үш тілде жүргізілуде. Соңғы қоңырауға қатысқан Қазақстан Республикасының министрі Е.Сағадиевты салтанатты үш тілде жүргізген оқушылардың интеллектуалдық деңгейі таң қалдырды.
Жақсы іс жалғасын табуда. Шәкіртіміз Н.Жанұзақов Елбасының қабылдауына шақырылып, «Алтын белгісін» Президентіміздің қолынан алса, Н.Бердібекұлы Президент стипендиясының иегері, Ш.Жәмеш Президент олимпиадасының жеңімпазы. Мектебімізді 74 түлек «Алтын белгімен» бітірді, 303 оқушымыз халықаралық олимпиаданың қола, күміс, алтын медальдарының иегері.
Тұңғыш Президент күні қазалылықтарға барлық жақсылықтарды тілей отырып, Елбасымыздың «Мәңгі ел» идеясын іске асырайық, әлемдегі ең үздік 30 ел қатарына бірлігіміздің, ерен еңбегіміздің арқасында енейік дегім келеді.
Сөзімді Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Өз Отаныңның патриоты болу бұл – Қазақстанды өз жүрегінде ұстау» деген ойлы ұстанымымен аяқтағым келеді.
Күләш МЕРГЕНБАЙ,
ардагер ұстаз.
«Құрмет» орденінің иегері.

30 қараша 2017 ж. 3 696 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 53

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930