Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көкейде қалған кездесу

Көкейде қалған кездесу

Елбасымен жүздесу бақыты бұйырған әрбір адам сол кездесудің әсерінен көпке дейін арыла алмайтыны шындық. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бір ауыз сөзі кез келгеннің жүрегінен жол тауып, адамның бойына ерекше күш бітіретіні сонша, сол кездесуді әрдайым еске алумен жүреді. Солардың бірі – қазалылық Светлана Крюгер.
Ол 2005 жылы сайлауалды саясатын жүргізу мақсатында Қызылорда қаласына іс-сапармен келген Елбасының қабылдауына Сыр өңірі жастарының атынан қатысады. Ол жерде көтерген мәселе «Болашақ» бағдарламасымен шетелге оқуға аттанатын студенттерге байланысты болды. Бағдарламаның жастарға берер мүмкіндіктері жөнінде бірнеше сауал қойып, Елбасыдан тұшымды жауап алды.
«Одан бері он екі жыл өтті. Ал сол кездесу менің әлі жадымда сақтаулы. Еске алған сайын ерекше әсерге бөленем.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы ел тізгінін ұстаған уақытынан бастап жастарға ерекше қамқорлық танытып келеді. Жастарымыздың өсуі, білім алуы, қызметке орналасуы үшін көптеген жағдайлар жасалған. Осының арқасында мен 2006 жылы еліміздегі іргелі білім ордасы – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің журналистика мамандығының қазақ бөлімін бітірдім. Мемлекеттік тілді еркін меңгергенімнің арқасында студенттік шағымда бірнеше конкурстарға қатысып, жеңімпаз да атандым. Одан кейін қазақ жігітімен отбасын құрып, қазіргі таңда Жанерке, Жансая есімді 2 қаракөз қыздардың анасымын.
Елбасымыздың көреген саясатына өз жерімде үлес қосып жүргеніме, өзімді тәуелсіз әрі болашағы жарқын Қазақстан мемлекетінде дүниеге келгенім үшін және осы елдің мемлекеттік тілін еркін меңгергенім үшін бақытты сезінемін», – дейді.
Думан БЕЙБАРЫС.
30 қараша 2017 ж. 2 069 0

Қазалыдағы қос қуаныш

23 наурыз 2025 ж. 123

Нұршашты көктем жыл басы

23 наурыз 2025 ж. 172

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31