Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 7 қазанға арналған ауа райы болжамы

7 қазанға арналған ауа райы болжамы

   Еліміздің басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауады, оңтүстікте найзағай жарқылдайды. Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі

   Түркістан облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді, түнде және таңертең кей жерлерде екпіні 25 м/с күшейеді, түнде кей жерлерде шаңды дауыл соғады.

   Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз кей жерлерде найзағай жарқылдайды, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

   Алматы облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 17-22 м/с, күндіз кей жерлерде найзағай жарқылдауы мүмкін.

  Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

   Ақмола облысында, күндіз Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді.

   Қызылорда облысының кей жерлерінде түнде және таңертең найзағай жарқылдап, жылдамдығы 15-20 м/с жететін жел соғады.

Маңғыстау, түнде және таңертең Атырау облысының кей жерлерінде тұман түседі.

  Түркістан, Маңғыстау облыстарында, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өрт шығу қаупі бар.
07 қазан 2018 ж. 1 632 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 21

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930