Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады
Бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттарға байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Кей жерлерде тұман болып, жел күшейеді. Тек республиканың батысында антициклон әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттіні «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай болып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болып, түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі.
Күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Түнде Қарағанды облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай ойнады. Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі күтіледі.