Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шипагерлік білім ордасына 90 жыл

Шипагерлік білім ордасына 90 жыл

Елімізді әлемдік өркениет төріне шығаратын бірден-бір дара жол – білім жүйесі. Сондықтан Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында бүгінгі заман талабына сай, бәсекеге қабілетті маман даярлау мәселесі барынша нақтыланған. Бұл бағыттағы бағдарламалық жұмыстар 90 жылдық тарихы бар Қазақстандағы алғашқы кәсіби Денсаулық сақтау саласының мамандарын дайындайтын Қызылорда медициналық жоғары колледжінде қарқынды іске асырылуда.
Бұл оқу орны 1928 жылы ашылып, сол дәуірде үлкен әлеуметтік-саяси маңызы бар білім ордасы болды. «Төртінші өнеркәсіптік революция жайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасының халыққа арналған Жолдауында көрсетілген міндеттерді атқаруда өз үлесін қосуға белсене атсалысып отырған осынау іргелі оқу орны 30 мыңнан астам деңсаулық саласының орта буын білікті мамандарды түлетіп ұшырды.
Сондықтан биыл 90 жылдығын тойлағалы отырған Қызылорда медициналық жоғары колледжінің тарихы мен қызметі, қоғамымыздағы роліне арналған кітап шығаруды қолға алған болатынбыз. Қызылорда медициналық жоғары колледжі түлектерінің халыққа көрсеткен адал медициналық еңбегі, өз отанына деген сүйіспеншілігіне қарап, түлектеріміз арасында мақтан тұтуға лайық тұлғалар жетерлік екеніне көзіміз жетті. Сондықтан «100 есім» кітабын шығаруды ұйымдастырдық. Бұл жинаққа алғашқы етіп соғыс және еңбек ардагері 1939 жылғы түлегіміз, ішкі істер қызметінің генерал-майоры Әлмағанбетов Нұролланы алдық. Ол 1939 жылы Қызылордадағы «Қазақ медициналық техникумын» бітірген соң әскер қатарына алынып, Ұлы Отан соғысы кезінде «№101 Қазақ ұлттық атқыштар бригадасының» әскери фельдшері болып, жаралыларға көмек көрсеткен. Осы бригаданың құрамында Калинин, 1-ші Прибалтика майдандарындағы небір ауыр шайқастарды басынан өткереді. 1946 жылы елге жеңіспен оралады. Елге келгеннен кейін халық шаруашылығын қайта қалпына келтіруге өз үлесін қосып, «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталған.
Соғыс жылдарында ерен ерлік көрсеткен түлектеріміздің тағы бірі – Қалиев Кеңесбай Смағұлұлы. Ол 1941 жылы Қызылорда фельдшерлік-акушерлік мектебін бітіріп, 1941 жылы 19 тамызда армия қатарына шақырылған. Мәскеу түбіндегі ұлы шайқасқа қатысқан. 183-ші атты әскер корпусында фельдшер, полктың медициналық пунктінде взвод командирі болып, алдыңғы шепте жаралы жауынгерлерге бірінші дәрігерлік көмек көрсеткен. Кейін Белоруссияны, Кенигсбергті, Берлинді азат етуге қатысқан. Соғыстан кейін офицер шенінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери құрамында 1946-1951 жылдары Литвада, 1951-1960 жылдары Түрікменстан шекарасында қызмет атқарған. 1960 жылы елге оралып, облыстық Қызыл Крест, Қызыл Айшық комитетінің төрағасы, 1964 жылдан зейнеткерлікке шыққанша 20 жыл облыстық медицина қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы қызметін атқарады. Ұлы Отан соғысында ерліктері жоғары бағаланып екі рет «Қызыл жұлдыз», 2-дәрежелі «Отан соғысы» және 18 медальмен, бейбіт өмірдегі жемісті еңбектері үшін КСРО-ның Құрмет Грамоталарымен марапатталған.
Келесі батыр түлегіміз - Әшімов Тұрсынбай Ешпанұлы. Ол 1939 жылы Қызылорда фельдшерлік-акушерлік мектебін «үздік» бітірген соң 1940 жылы әскер қатарына шақырылып, Амурдағы Комсомольск қаласындағы дивизиялық гарнизонында фельдшер, соғыс басталғанда Жапониямен шекарадағы полкта фельдшер қызметін атқарған.
Соғыстан кейін 1954-1960 жылдары Қазақ мемлекеттік медициналық институтында оқып, «үздік дипломмен» бітірген. 1960 жылдан зейнеткерлікке шыққанға дейін облыстың психоневрологиялық аурухананың бас дәрігері қызметін атқарған.
Еңбегі жоғары бағаланып, «Қызыл жұлдыз», «Отан соғысы», «Құрмет белгісі» ордендері және ондаған медальмен марапатталған.
Батыр түлегіміздің тағы бірі – Айтуғанов Батырхан 1941 жылы Қызылорда фельд-шерлік –акушерлік мектебін бітіргеннен кейін соғыс басталып, сол жылдың қараша айында облыстық әскери комиссариаттың шақыруымен соғысқа аттанды. Қараша айының аяғында Харьков қаласының түбінде бірінші рет соғысқа қатысқан. Инструктор әскери фельдшер болып, санитарлық соғыс даласында жаралыларға алғашқы дәрігерлік көмек көрсеткен. Венгрияны азат еткеннен кейін Польша, Чехословакия, Австрия жерінде болған кескілескен ұрыстарда Айтуғанов санитарлық бөлімшесі алдыңғы қатарда жүріп, ерліктерімен көзге түсті.
Б.Айтуғанов 1946 жылдың желтоқсанында аман-есен елге оралды. Шиелі аудандық денсаулық сақтау бөлімі «Еңбекші», «Жиделі», «Ақтөбе» ауылда-рына фельдшерлік бөлім бастығы етіп тағайындалды.
Б.Айтуғанов соғыста 2 рет жараланған. Ұлы Отан соғысындағы жауынгерлерге жанкештілік медициналық көмек көрсеткені үшін «Қызыл жұлдыз», «Отан соғысы» ордендерімен, ондаған медальдармен наградталған.
Жалпы Ұлы Отан соғысына қатысқан 15 мақтан тұтар түлегіміз «100 есім» жинағына кіріп отыр.
Соғыстан кейінгі жылдары бітірген түлектерімізден жинаққа енген осы жылдары медицина саласына келген аға буын өкілдері. 1950 жылғы түлегіміз, медицина ғылымдарының кандидаты, «Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген дәрігер», «Халықтар достығы», «Құрмет белгісі» ордендерінің және көптеген медальдардың иегері, Қызылорда облысының құрметті азаматы – Омаров Ернияз Омарұлы. Ол Қызылорда медициналық училищесін 1950 жылы үздік дипломмен бітіріп, 1952 жылы Алматы мемлекеттік медициналық институтына түсіп, 6 жыл институтта оқумен бірге емдеу мекемелерінде фельдшер болып жұмысын жалғастырды. Институтты 1958 жылы үздік бағамен бітіріп, сол жылы облыс орталығындағы ауруханаға хирург болып орналасты және кешке дәрігерлік жедел жәрдем бөлімінде кезекші дәрігер болып жұмыс жасады. 1967 жылдары қалалық біріккен аурухананың негізін қалап, кейін осы аурухананың бас дәрігері болып қызмет жасады.
1974 жылы көп жылғы медицина саласындағы еңбегін тұжырымдай отырып, кандидаттық диссертация қорғады. 1982 жылы облыстық денсаулық сақтау басқармасына басшы болып ауыстырылды.
Облыстық медицина саласын басқарған кезінде денсаулық сақтау ісінде көптеген оңды өзгерістерге қол жеткізді.
Келесі мақтан тұтар түлегіміз 1952 жылы үздік дипломмен бітірген, Қа-зақстан Республикасына еңбегі сіңген дәрігер, 1970-1995 жылдары облысы-мыздың бас урологы болып қызмет атқарған Шәріпбай Әлназаров.
1958 жылы Алматы мемлекеттік медициналық институтын бітіріп келген соң сол кездегі облыстық денсаулық бас-қармасының бастығы С.Махашева Шәріпбайды Жаңақорған ауданында бас дәрігер етіп жіберді. 1963 жылы Қызылорда қалалық ауруханасында хирург, жедел жәрдем бөлім меңгерушісі болды. КСРО-ның бас урологы, академик Лапаткиннен дәріс алған. Кейін елге тәжірибелі, білікті уролог маман болып оралады. Кейін қалалық емханада бүйрек, зәр жүретін органдарды, ішкі-сыртқы жыныс мүшелерін емдеді. Әлназаров Шәріпбай облыстың қалалық урология бөлімін ашуға атсалысты. 1970 жылдары ашылған осы урология бөліміне өзі жетекшілік жасады.1970-1995 жылдары облыстың бас урологы болып қызмет атқарған уақытында Әлназаров Шәріпбай өзінің медициналық іс-тәжірибесінде бес мыңнан астам ота жасап, мыңдаған адамның денсаулығын сақтап қалған аса қадірлі азамат болды.
Мақтан тұтар түлегіміз 1950 жылғы үздік дипломмен бітірген, Ленин ор-денімен және бірнеше медальдармен марапатталған «Қазақстан Республика-сына еңбегі сіңген дәрігер Исаев Варлен, 1958 жылғы түлегіміз «Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген қызметкері», «Халықтар достығы» ордені және тоғыз медальдің иегері «КСРО Денсаулық сақтау ісінің үздігі» Атабаев Базарбай Асанбайұлы, тағы да басқа көптеген түлектеріміз осы жинаққа еніп отыр.
90 жылдық тарихы бар Қызылорда медициналық жоғары колледжі алдағы кезеңде де қазақтың өнегелі ұл-қыздарын тәрбиелеп, елімізге аянбай қызмет қылатын нағыз ұлтжанды азаматтарды үлкен өмірге қанат қақтыра береді деп үлкен сеніммен айтамын.
20 қыркүйек 2018 ж. 1 639 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 56

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930