Жастарды жігерлендірген жиын

Оған аудандық мәслихат депутаттары, «Нұр Отан» партиясының мүшелері, жастар ісі жөніндегі мамандар мен колледж студенттері қатысты.
Жиынды Жастар ресурстық орталығының директоры Олжас Ахметов ашты. Басқосу барысында «Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қасқырбек Мәмбетжан «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуі туралы баяндады. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы ХХІ ғасырдағы ұлттық сана жөнінде сөз қозғап, аудандық мәслихат депутаты Бауыржан Ізмағанбетов «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасының кезекті Жолдауындағы міндеттерге тоқталды. Қазалы ауданы бойынша ұлтаралық қатынастар жөніндегі сарапшысы Светлана Крюгер Қазақстан халқы Ассамблеясының ел ынтымағын нығайту жолындағы атқарып жатқан жұмыстары жөнінде айтты.
Ақтілек БІТІМБАЙ,
Қорқыт ата атындағы
ҚМУ студенті.