Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жігерлі жетістікке жетеді

Жігерлі жетістікке жетеді

Соңғы уақыттары ауыл дамуында аз да болса серпіліс бар. Әсіресе, кәсіп ашып, оны дамыту бағытында біршама жұмыстар атқарылып жүр. Қазір әрбір ауыл тұрғыны қарап жатпай пайда әкелетін іспен айналысу жолдарын қарастырады. Себебі, бүгінгідей нарық билеген шақта шама шарқың жететін кез келген кәсіпті гүлдендіріп, нан табуға тиіссің. Майлыбас ауылдық округінің тұрғыны Нұржамал Накиева да ел қатарлы еңбек етіп, 5 жылға жуық жеке кәсібін дамытып келеді. Оның өз қаражатымен халық игілігіне ашқан «Зере» атты аралас заттар дүкені күні бойы ауыл тұрғындарына қызмет етеді. «Зеренің» заңды құжаттары түгел патенті мен лицензиясы және куәлігі бар. Өмірге деген құлшынысы жоғары кәсіпкер ІІ-топ мүгедегі. Соған қарамастан іс-қимылы шалт, тұтынушыларын әрдайым күліп қарсы алады. Дүкен іші жып-жинақы әр зат өз орнында. Мұнда азық-түлік өнімдерімен қатар, тұрмыстық шаруаға қажетті тауарлар да сөрелерде тізіліп тұр.
Нұржамал апаның айтуынша, әрбір адам еңбек етуге талпыну керек. Тағдырдың басқа салғанына мойымай, өмір сүруге талпыну қажет. Бір орында тұрып қалмай, алға ұмтылғанның жұлдызы оңынан туады.
«2009 жылы қатты ауырдым. Тексерілгенімде дәрігерлер «бауыр обыры» деген диагноз қойып берді. Ота жасау төсегіне таңылып, бауырдың дерт меңзеген бөлігін кескіздім. Ақхалаттылар көп ұзамай ажал құшады дегендіктен, жұбайым мен бала-шағам мені өледіге санаған. Бірақ, мен қаймықпадым. Өмірге құштарлығым артты. Балаларым үшін ауыр дертпен күрестім.
Сенесіз бе, менде шәй қасық ғана бауыр аман қалған еді. Мың да бір шүкір, қазір мамандардың кеңесімен режим ұстағанның арқасында аяғыма тұрдым. Отбасыма оралдым. Кәсіп аштым. Халықпен жүздесіп тұрғаннан болар, денсаулығым біртіндеп жақсарып келеді. Саудам да жаман емес. Жақындарыма жетерлік қаражат тауып тұрмын», – дейді кейуана.
Нұржамал апа қай кезде де ауыл шараларына белсенді қатысып, жағдайы төмен отбасыларына көмек қолын созады. Айтулы мейрамдарда демеушілік істерді де шет қалдырмайды. Бүгінде 1 адамды қарамағына алып, жұмыспен қамтып отыр.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
18 қыркүйек 2018 ж. 988 0

Талабы таудай Элля

29 сәуір 2025 ж. 191

Елді жаудан қорғаған ер

29 сәуір 2025 ж. 195

Менің атам – майдангер

29 сәуір 2025 ж. 249

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930