Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудандағы алғашқы супермаркет

Аудандағы алғашқы супермаркет

Әйтеке би кентіндегі әсем нысандар қатары еңселі, көрікті ғимаратпен толықты. Орталық Әйтеке би көшесіне түскен «Arzan market pharm» супермаркеттер желісінде дәріхана мен азық-түлік дүкені 24 сағат бойы халыққа қалтқысыз қызмет көрсетеді.
Жеке кәсіпкер Болат Абраевтың айтуынша, дәріханада зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға және ауған соғысының ардагерлеріне үш пайыз жеңілдік қарастырылған. Ал азық-түлік супермаркетінде спирттік ішімдіктер мен шылым мүлдем сатылмайды.
Жуырда жалпы алаңы 1050 шаршы метрді құрайтын орталық салтанатты түрде ашылып, тұрғындар игілігіне тарту етілмек. Орталық пайдалануға берілген кезде 45-ке жуық адам жұмыспен қамтылмақ.
Супермаркеттің иесі, жеке кәсіпкер, жоба жетекшісі Болат Оңласынұлы 2007 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясынан «Фармацевт» мамандығын алған. 2007 жылдан фармацевтика саласында қызмет етіп, 2009 жылдан бастап әр жылдары Шиелі, Жаңақорған, Арал, Қазалы аудандарынан дәріхана желісін ашты.
«Аптап ыстықта, қыстың ызғарлы күндері базар жағалап, азық-түлік сатып алудың өзі қиын. Дәріхана да халыққа аса қажет. Осының барлығын ескере келе, дәріхана мен азық-түлік дүкенін біріктіріп, супермаркет ашпақпын. Тұтынушыға қолайлы жағдай жасасаң, кәсібің өрлеп, несібең де молаяды. Келешекте ауылдық жерлерде спорт кешендерін салып, спортсүйер жандардың қатарын арттыруға үлес қоссам деген ниетім бар», – дейді кәсіпкер.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА.
28 қараша 2017 ж. 3 706 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930