Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мал баққанға қолдау бар

Мал баққанға қолдау бар

Қазіргі таңда азаматтарды түрлі жеңілдіктер мен мемлекеттік көмектер арқылы кәсіпке тарту жолға қойылған. Кәсіп иелерінің санын көбейту арқылы еліміздегі жұмыссыздардың үлесін азайтып, экономикаға айтарлықтай серпіліс әкелу жоспарлануда. Осы мақсаттың айқындалуына Әйтеке би кентінен 45 шақырым қашықтықта орналасқан, Аранды ауылдық округінің орталығы болып саналатын Қожабақы ауылының екі мыңнан астам тұрғыны өз үлестерін тигізуде. Олай деуіміздің себебі мұнда 51 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Осы арқылы 165 адам жұмыспен қамтылып отыр. Қожабақыда кәсіпті ұршықша иіріп отырған зейнеткерлер де жоқ емес. Солардың бірі ретінде мал бордақылау ісін кәсіп қылған Запура Қожахметованы айтуға болады.
Жалпы ауыл бойынша «Бастау Бизнес» жобасы аясында 6 адам оқуға өтініш білдірген. Курстың бірінші кезеңінде 2 адам оқуды аяқтағаны туралы сертификат алып, 1 азамат «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау» орталығынан несие алуға құжаттарын тапсырған. Ал 70 жастағы Запура Қожахметова «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың біріңғай бағдарламасы шеңберінде «Бизнес –Кеңесші» арқылы Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасының Қазалы аудандық филиалында екі күндік оқу курсын тәмәмдап, сертификат алған. Осыдан кейін «Береке» бағдарламасы арқылы 4,0 миллион теңге көлемінде несие алып, оған мал бордақылау алаңын салып, бірінші кезең үшін 24 бас баспақ сатып алған.
«Қазіргі сәтте бірінші кезеңді толықтай аяқтадық. Алған баспақтарды семіртіп сойып, ауыл мен кентте орналасқан саудан нүктелеріне жібереміз. Күзге жақын жиырма бас ірі қара мен 20 бас жылқы төлін алып бордақылаймыз деп жоспарлап отырмыз»,– дейді Запура Қожахметова.
Малды азықтандырып, оның жылылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жайлы қора салдырған зейнеткер жеп-шөпті басқа жерден сатып алады екен. Ал бұл шығын табыстың бір бөлігін тістеп әкететін көрінеді. З.Қожахметова алдағы уақытта мал азығын өзім дайындасам дейді. Бұл үшін 2016 жылы жұмысын бастаған «Байдос» жеке шаруа қожалығына қарасты 100 гектар жері де бар. Кейуананың балалары бұл шаруаға білек сыбана кіріскелі отыр.
Бала тәрбиелеу ісінің майын тамызған Запура Қожахметова: «Бүгінгі күннің жастарына айтарым еңбек етуден жалықпау керек. Абай атамыздың «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген сөзі ақиқат. Үкімет жасап отырған жеңілдіктер бәрімізді ынталандыруы шарт»,– дей келе кәсіптің нәсіпсіз болмайтынын алға тартты.
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ.
26 маусым 2018 ж. 1 866 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 71

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 66

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930