Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шалғай ауылдарды аралады

Шалғай ауылдарды аралады

Шалғай ауылдардың тұрғындарына Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Төрағасына тікелей шағым беру жолдары түсіндірілді.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілдері Қызылорда облысының шалғай ауылдарын аралап, жергілікті тұрғындармен, шаруа қожалықтарымен кездесті.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жұртшылықпен байланыс жөніндегі департамент директоры Арман Бердалин Қызылорда облысына 4 күндік жұмыс сапарын Қармақшы ауданының Тұрмағамбет, Дүр Оңғар ауылдарынан бастады.
Департамент директоры А.Бердалин Тұрмағамбет ауылында күріштік басында болып, жергілікті шаруашылық басшыларымен кездесті.
Агенттік өкілдері жергілікті қауымдастық өкілдерімен және ауыл тұрғындарымен кездесуде әрбір азамат «Фейсбук» әлеуметтік желісі және «Телеграмм» мессенджері арқылы тікелей Агенттік Төрағасы А.Шпекбаевқа сұрағын қойып, өтініш қалдыра алатындығын жеткізді.
Сондай-ақ, аудан орталығында арнайы мониторингтік топ мүшелерімен және мемлекеттік қызметшілермен кездесіп, кәсіби мемлекеттік аппарат құру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында елімізде атқарылып жатқан жұмыстар туралы ой бөлісіп, сауалдарына жауап берді.

12 қыркүйек 2018 ж. 1 918 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031