Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Алғыстың үлкені асыл аналарға арналады

Алғыстың үлкені асыл аналарға арналады

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні аудан әкімі Мұрат Ергешбаев жасы жүзге келген Қ.Пірімов ауылының тұрғыны Мәрия Қожабергенованы құттықтап, үйіне барды. Көктемнің көркем мерекесінде қос ғасырдың куәгері болған кейуанаға құшақ гүлін сыйлаған Мұрат Нәлхожаұлы ізгі тілегін арнады.
– Ұзақ жылдар бойы ел үшін еңбек еттіңіз. Бүгінгі таңда ақ жаулықты әже атанып отырсыз. Осылай мерекеден мерекеге жетіп, балаларыңыз бен немерелеріңіздің ортасында күліп-ойнап жүре беріңіз, – деді аудан басшысы. Сондай-ақ, мерекеге орай М.Ергешбаев Мәрия әжеге мерекелік сыйлығын тарту етті.
Сонымен қатар, аудан әкімі Ғ.Мұратбаев ауылында тұратын еңбек ардагері Ибагүл Алдабергенова мен Әйтеке би кентіндегі ардагер ұстаз Үрпатша Ықыласованы да мерейлі мерекемен құттықтады. Кейуаналарға құрмет көрсетіп, бағалы сыйлықтар тарту етті.
1922 жылы өмірге келген көпбалалы ана Ибагүл Алдабергенова колхоз жұмысына белсене араласқан. Ал, Үрпатша Ықыласова болса Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін КСРО медалімен марапатталған аудандағы жалғыз әйел – ана.
Аудан әкімінің қарт аналармен кездесуінде аудандық мәслихаттың хатшысы Күнтілес Назымбеков пен аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Жанат Көләнова бірге болды.
Ж.СОВЕТҰЛЫ.
13 наурыз 2018 ж. 1 985 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 77

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930