Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мал қараусыз жүрмеуі тиіс

Мал қараусыз жүрмеуі тиіс

Бүгінгі күні үй жануарларының қатысуымен орын алып жатқан жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында республикалық маңызы бар автожолдар бойында Қызылорда ОІІД-нің ұсынысымен және ауыл әкімдерінің қолдауымен мал иелері үй жануарларына жарық (сәуле) шағылыстыратын алқаралар орнатуда.
Соңғы уақытта автожолдар бойында малдардың қараусыз жайылып, жолға шығу салдарынан авариялық жағдайлар туғызуда. Өткен жылдың өзінде республикалық маңызы бар автожолдар бойында 53 мал қағу дерегі орын алып, салдарынан 2 адам қаза болса, 7 адам әртүрлі дене жарақаттарын алған. Ал, 2018 жылдың басынан 24 мал қағу дерегі, оның ішінде 1 адам дене жарақаттарын алған.
Қазіргі таңда, аудандық және ауылдық учаскелік полиция инспекторлары мен ауыл әкімдерінің бірлескен түрде жүргізіп жатқан түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде мал иелері 4 мыңнан аса малға жарық (сәуле) шағылыстыратын алқаралар орнатты.
Жарық (сәуле) шағылыстыратын алқаралар орнатудың маңыздылығы, жол-апаттарының алдын алу, жол қозғалысы қатысушыларына тікелей қауіпсіз жүруіне және түн мезгілінде алыстан жарық шағылыстырылса, жүргізушілер тарапынан көлік құралын бәсендетіп, қырағылық танытатындығына тікелей өз әсерін тигізеді.
Өз кезегінде тәртіп сақшылары мал иелерін қала аумағында және республикалық маңызы бар автожолдар бойында малдардың қараусыз жайылып жүруі жол-көлік оқиғаларына әкеп соқтыру мүмкін екендігін ескертеді.
05 қыркүйек 2018 ж. 1 197 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 84

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930