Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Екі қолға бір джойстик

Екі қолға бір джойстик

Осыдан ондаған жыл бұрын балалар арасында үлкен қызығушылыққа ие болған “SEGA” приставкасын қазіргі жастар әлі күнге ұмыта қойған жоқ. Заман ағымына сай бұл ойын түрі көнеріп, тек тәтті естеліктер ретінде есте қалды. Ал қазіргі жастар арасында “Sony” компаниясының “Playstation” ойын жәшігі үлкен танымалдыққа ие. Осы өнімі арқылы жапондықтар бір кездері сауда саласына төңкеріс жасаған еді.
Бір жылда 20 милионнан астам ойын приставкасын сата алған компания келешекте “Playstation 5” атты жаңа ойын техникасын шығару арқылы таңғажайыпқа даярланып жатқаны туралы ақпарат бар. Қазір Қытай нарығына кіру үшін өздерін жан-жақты жетілдіруге ықыласты олар біздің елдің саудасына әлдеқашан еніп кеткен-ді. Аталған ойын жәшігінде ережесіз жекпе-жек, футбол, ГТА, балалық шақтан бері келе жатқан Mortal Kombat сияқты көптеген ойын түрі бар. Оның ішіндегі кейіпкерлердің түр әлпеті мен эмоциялары асқан шеберлікпен әспеттелген. Осы арқылы футболдан хабары жоқ жастар ала доптың аламаны қандай екенін виртуалды түрде сезіне бастады. Оның үстіне алыс-жақын достарды жиі бас қостырады. Сарапшы мамандар ойын приставкасы жас балалардың миының тезірек жетілуіне, таным-көзқарасының кеңейе түсуіне пайдасы бар дегенді айтады. Алайда алғашқы кезде көп адам бірігіп ойнайтын ермек қазір біраз мәселеге себепші болып отырғаны жасырын емес.
Біздің ауданда кент орталығы мен вокзал жанында екі ірі ойын орталығы бар. Бұларға қай уақытта барсаңыз да келушілердің қарасы қалың. Бос емес приставкаларға кезекте тұрғандар қаншама. FIFA мен UFS атты ойындар плейстейшн аппаратының абыройын асқақтатып тұрғаны соншалық, оның құмарына қанша ойнаса да қанбайтын адамдар пайда болды. Әр сағатына 500 теңге төлегеннен бөлек алтын уақытты босқа жіберіп жүргенімізді де естен шығарып алатын кездеріміз аз емес. Төрт бұрышты теледидарға сағаттар бойы телміріп отырып, көзіміздің көруін нашарлатып аламыз-ау деген ой да келмейтінін қайтерсің.
Жақында осындай ойын орталықтарының біріне арнайы барып, ойыншылармен пікірлескен едік. Жасы отыздан асқан Самат есімді жігіт ағасы: “Сыныптастарыммен аптасына бір рет осылай жиналамыз. Көбісі қатты қызықса да жақсы ойнай алмайды. Өткен жылы өзіме 120 мың теңгеге біреуін сатып алғанмын. Үйде көп ойнайтын болғасын ешқайсысына есе жібермеймін”, – деп күлді. Ал өзін Кәмила деп таныстырған келіншек: “Күйеуіммен серуендеуге шыққан едік. Жолда достарын кездестіріп, “PS4-ке” кіріп кетті. Күтіп отырғаныма екі сағаттан асты. Әлі отыр “қазір, қазір” деп. Бастары қосылса осы, келе-келе ерлі-зайыпты болып көшеге шығу арман болатын шығар”, – дейді көңілсіз кейіп танытып.
Басқа үлкен қалаларда ойын орталықтары тәулік бойы жұмыс істейді. Онда ойын үшін түнейтін жігіттер де жетерлік. Ал біздегі плейстейшн ойындары түнгі 3-4 шамасында есігін жабады. Олардың жасап отырған кәсібіне айтар уәж жоқ. Өйткені, сағат кешкі оннан өте келген кәмелетке толмаған балаларды кейін қайтарып жібергенін көзіміз көрді. Бірақ қырығында қамал алатын ағалар қарсыластың қақпасын бұзу үшін мұнда жиі келетінін байқадық.
Иә, шындыққа жанастырып жасалған бұл аппараттың қызығарлық екеніне, достармен шүйіркелесіп, көңіл көтеретін қазіргі себептердің бірі екеніне дауласпаймыз. Алайда әлденеге қимайтын уақыттың көпшілігін осында өткізіп жүргендерге қарап, сауықтың пайдадан гөрі зияны басымырақ па деп қаласың. “Уақыттың бос өткені – өмірдің бос кеткені” деген дәйек осы жерге дәлме-дәл келсе керек.
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ
25 тамыз 2018 ж. 1 338 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 43

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930