Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сұлуды сүймей қайтпайтын, қыз қуу қайда кешегі?

Сұлуды сүймей қайтпайтын, қыз қуу қайда кешегі?

Бүгінгі күні қазақтың ұмытылып бара жатқан ұлттық спорт түрлері жетерлік. Жаңа заманға табан тіреп, ауылдан қалаға көшкелі ескі салт-дәстүріміз бен ойындарымызды ұмыта бастадық. Соның бірі қазақтың көне ойыны – қыз қуу.
Ертеректе бұл ойын қазақ халқының арасында кеңінен тараған ат ойынының бір түрі болған. Сонау ерте де “Қызқашар”, “Қыз қуалар” деп аталғаны болмаса, біздің заманымызға дейін айтарлықтай өзгеріске ұшырамаған. Тек ережелерін де бірнеше өзгерістер орын алған. Мәселен, бұрындары жігіт қызды қуып жетіп, бетінен сүйсе, қазіргі кезде қыздың қолындағы күрмеулі орамалды шешіп алуға қарекет қылады. Ал жарысқа қатысушылардың аттары жүйрік болуы, мәре сызығында жігіттің қыздан 10-15 метрдей кейін тұруы, қайтарда жігіттің астындағы атымен өзіне қамшы салдырмауға тырысуы, ойынға ұлттық киіммен шығуы баяғы тәртіптен өзгермеген.
Бұл ойынды кейде екі ру арасында қыз алу үшін де қолданған. Әрине, кешегі ХХ ғасырға дейін. Егер жігіт жеңсе, қызды ешқандай қалың малсыз алған. Ал жігіт жеңілсе, елімен қоса ұятқа қалған. Өйткені ол кездері руында мықты жігіт пен жүйрік аттың жоқтығы үлкен ұят деп саналған.
Бұл күндері жылына бір келетін Наурыз мерекесінде ғана бой көрсететін ойын түрі ұмытылуға шақ қалып тұр. Тек қазақылықтың қаймағы бұзылмаған кей өңірлерде ғана наурыздың көркін қыздыратын ойын түрі болып қалған.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көтерген дүниелердің бірі, ұмыт қалып бара жатқан құндылықтарымызды жандандыру, жаңғырту болатын. Демек, осындай ұмытылып бара жатқан баба салтын кеңінен насихаттауымыз керек. Жалпы, қыз қуу ойынын тек Наурыз мерекесінде ғана емес, барынша оның қолдану аясын кеңейткеніміз ләзім. Арнайы үлкен шараларда, түрлі мерекелер қарсаңында ұлттық ойынымызды дәріптесек нұр үстіне нұр болар еді.

Ақтілек БІТІМБАЙ.

06 ақпан 2018 ж. 5 072 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 71

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 66

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930