Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Португалия жастар құрамасы Еуропа чемпионы атанды

Португалия жастар құрамасы Еуропа чемпионы атанды

    Португалия жастар құрамасы 19 жасқа дейінгі футболшылар арасында өткен Еуропа Чемпионатында жеңімпаз атанды. Финляндия алаңында өткен финалда Португалия жастары Италияны жеңді.
  Кездесудің негізгі уақытында ойын тартысты өтіп, тең – 2:2 есебімен аяқталды. Қосымша уақытта да ойын өте тартысты өтіп, 4:3 есебімен Португалия жастары пайдасына шешілді.
  Кездесуде бірінші таймның қосымша уақытында Португалия сапынан Филипе есепті ашса, кездесудің 72-інші минутында Тринкао есепті еселеді. Осыдан соң Италиялықтар да ширақ ойнап, Мойзе Кин ойынның 75-76 минуттарында дубль жасап есепті теңестіріп кетті. Қосымша уақытта қос команда бір-біріне кезектесе гол салып отырғанымен ойынның 109-ыншы минутында Педру Коррейя есепті 4:3-ке жеткізіп Португалияға жеңіс сыйлады. Жеңімпаз команданың екі футболшысы – Филипе мен Тринкао Еуро-2018 чемпионатының ең жақсы ойыншылары атанды.
  Айта кетсек, заманауи форматтағы U 19 Еуро чемпионаты 2002 жылдан бері өткізіліп келеді. 16 жыл ішінде Португалия тек екі рет финалға дейін бара алған. 2014-2017 жылдардағы финалда ұтылып қалған болса, 2013 және 2016 жылғы ойында қола медаль иеленген еді.
Еуропа чемпионаты U19
Финал

Италия – Португалия 3:4 (0:1, 2:2) Голдар: Филипе (0:1), 45+1. Тринкао, 72 (0:2). Кин, 75 (1:2). Кин, 76 (2:2). Филипе, 104 (2:3). Скамакка, 107 (3:3). Коррейя, 109 (3:4).

massaget.kz
31 шілде 2018 ж. 1 017 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031