Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Түлектердің туған жерге тартуы

Түлектердің туған жерге тартуы

Бүгінде тұрмысымыздың біршама түзелгені шығар, той, қуанышты сәттерімізді дүбірлетіп өткізуді әдетке айналдырдық. Туған күн, мерейтой, тіпті мектеп бітіргендеріне 10, 20, 30 жыл болған азаматтардың өздері бас қосып, “отыз күн ойын, қырық күн той” қылады. Ол да дұрыс шығар. Көптен кездеспеген құрбы-құрдастар балалық шаққа саяхат жасап, жақсылап көңіл көтереді.
Ал, бүгінгі біздің кейіпкерлеріміздің бұл туралы ойлары мүлде бөлек.
Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «…Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі», – деген болатын. Бүгінде елімізде туған жерінің, туған ауылының барын бағамдап, жоғын түгендеуге, перзенттік борышын өтеуге ниетті азаматтар қатары көбейіп келеді. Бұл – қуантарлық жайт.
Аудан орталығынан 65 шақырым қашықтықта орналасқан Бозкөл ауылындағы №96 мектепті осыдан тура 10 жыл бұрын бітірген түлектер игілікті істі қолға алды. Тәуелсіздіктің түйдей құрдастары ауыл орталығындағы “Болат Әбілов” атындағы орталық саябақты көркейтіп, балалар ойын алаңын салуда.
– Біз бұл шаруаны мақтау есту үшін жасап жатқан жоқпыз. Бар мақсатымыз – туған елімізге аз да болса өз пайдамызды тигізу. Он бір жылдықты бірге бітірген 11 бала ұйымдасып, орталық саябақ ішінен сырғанақ, әткеншек секілді дүниелер бар балалар ойын алаңын жабдықтап жатырмыз. Бала біздің болашағымыз деп бекер айтылмаса керек. Ауыл балдырғандары бос уақытын осындағы ойын алаңында өткізсе бір ғанибет емес пе?! Бұл біздің туған еліміздің дамуына қосқан тамшыдай болса да үлесіміз. Ең бастысы – туған ауылымның іргесі сөгілмей, берекесі арта берсе болғаны, – дейді Мұхит Иниятов.
Туған жерге деген қолдау мұнымен шектелген жоқ. Елбасы Жолдауында айтылғандай, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында волейбол алаңы мен жастар жаттығатын турник, бруся сияқты спорттық құралдар да салып берілуде. Бозкөлдік жастар спорт алаңын мектепте он бір жыл бірге оқып, марқұм болып кеткен Нұрғиса Сапаровтың құрметіне орай ашып отыр екен. Сыныптастар жастайынан спортқа жаны құмар достарын еске алу мақсатында футболдан турнир өткізуді де жоспарлап отыр. “Өмірге құштар Нұрғиса біздің жадымызда мәңгілікке сақталады. Ешкімге жамандық ойламайтын бауырымыздың атындағы аяқдоп бәсекесін оның туған күні 23 шілдеге белгілеп отырмыз”, – деген жоспарымен бөлісті игілікті істің басы-қасында жүрген Дінислам Әбілов.
Ауыл тұрғындары да жастардың оң бастамасына дән риза. Бұл туралы бізбен әңгіме барысында Бозкөл ауылдық округінің әкімі Мархабат Қаниев айтып берді.
– Жақында Бозкөл ауылында тұратын балалар үшін үлкен мереке болғалы тұр. Олай дейтін себебіміз, Қарасақал Ерімбет атындағы №96 мектепті осыдан он жыл бұрын бітірген шәкірттеріміз ауылдан балалардың ойын алаңын жабдықтауда. Мұндай сыйлыққа ауыл халқының алғысы шексіз. Әсіресе, бала күтімімен айналысатын әжелер жаз айларында ойын алаңы балалардың басын қосатын жақсы орын болады деп қуанып жүр. Амандық болса, балалар ойын алаңы 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнінде пайдалануға беріледі, – дейді ауыл басшысы.
Қазіргідей жаһандық дағдарыс жағдайында, шығыннан қашпай, балаларға қолайлы ойын алаңын жасақтап отырған жастарға ата-аналардың айтар алғысы шексіз. Дүниеде балалардың күлкісі мен қуанышынан артық не бар, шіркін?!
Жеңісбек АЙЫМҚҰЛОВ
29 мамыр 2018 ж. 1 993 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 36

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930