«Келін, келін кердеңдеме, сен өзің де ертеңгі ене...»
– Апа, неге осы қазақтың келіндері орамалсыз жүрмеуі керек?
– Е, жарығым! Әйел орамал тақпаса, арын ұмытады. Күйеуінің барын ұмытады. Шашы тамаққа түседі, өзіне келген қонақтың назары түседі.
– Ал, сәлем салмаса ше?
– Сәлем салмаса, өзін сыйлайтын қайын ата, қайын ағадан айырылады, тегін батадан қайырылады. Келін жасауы тиіс осы екі міндеттің біреуі қаза болса, екіншісінің де мәнісі қалмайды. Сауап пен нығметтен құр қалады.
Иә, қазақ келіндері қай кезде де әдептен аспаған, қиындықтан қашпаған. Оның мәнісін немересі мен әжесінің әңгімесінен толық түсінуге болады. Болашақ бір елдің тұтқасын ұстап, бір шаңырақтың иесі атанатын азаматты тәрбиелейтін ананың да даналығы осал болмайтыны анық. Бөлісіп жейтін нан қиқымын таппай қалған заманның өзінде келіндер асқан төзімділік танытып, әдет-ғұрыптан аспағандықтарын кітап-дастандардан көп оқимыз. Бірақ, қазір өздерін Ұмай ана мен кешегі Зере әжейлердің сынығымыз деп жүрген келіндердің төзімділігі келін болып, орамал тағуға жетпей жүргені жасырын емес. Орамал тақпау мәселесінде қоғамда екі түрлі көзқарас бар: заманауи-іскер келіншек немесе әдеп пен ғұрыпты елемейтін әйел. Сан қилы заманнан бері жойылмай келе жатқан келін әдебі – орамал тағу қаншалықты қажет? Мәңгілік елдің рухани жаңғыру үстіндегі ұрпағына бұндай салттың берері бар ма? Бұл мәселе төңірегінде жұрт не дейді, соған назар аударайық.
Шарафадин Алтынбайұлы,
ҚР Журналистер одағының мүшесі, педагог-ғалым:
– Менің екі келінім бар. Екеуі де әдепті біледі, салтты ұстанады. Қазақта бала туылғаннан бастап жас ерекшелігіне сай киіндіреді. Оның ішінде бас киім міндетті түрде болады. Себебі ғылыми тұрғыда күн сәулесінен көптеген ультракүлгін сәулелер таралады. Ал адам оны өз денесі арқылы жерге өткізеді. Осы улы сәулелерден қорғану үшін ақ түсті бас киім кию керек. Келіннің орамал тақпауы да отбасындағы жандарға зиянын тигізеді.
Дәрігерлер, аспазшылар қызмет барысында басын бүркемелеуге арналған униформа киеді емес пе? Бұл – гигена. Шаш арқылы адам денесінен теріс энергия бөлініп тұрады. Келін тамақ даярлағанда оған шашын араластырып абырой таппайды. Бала емізгенде де басын байлағаны дұрыс. Бұлардан бөлек әсемдеп тартқан орамал әйел адамның көркін еселей түседі емес пе?
Айжамал Құрақбаева,
Батыр ана:
– Өз басымда бұл мәселеде қиындық болған емес. Төрт келінім бар. Қолымда ас-суымды даярлап жүрген келінім «орамал тақ» деп айтқызбады. Үйге аманат болып келген күннен-ақ қызыл орамалын тағып, қызғалдақтай жайнап жүреді. Таң атысымен тұрып сәлем салады. Жанға жағымды әдетті жанына серік еткесін жарының оған деген сүйіспеншілігін байқау қиын емес.
Осындай келін қағидаларының барлығы ене мен оның арасындағы сыйластықты үдетіп, отбасының берекесін асырады. Әйтпесе дана қазақ мұндай салттарды ұстанбас еді ғой. Бүгін мені анасындай сыйлаған келінімнің келешектегі келіні де оны құрметке бөлейтіні анық. «Ана көрген тон пішер» демекші, тал бесіктен бастапқы тәрбие де үлкен рөл атқарады. Өзім де орамалымнан көз жазып қалған емеспін. Кезінде келін болып орансақ, қазір ақ жаулықты ана ретінде орамал тағамыз. Қай жағынан алып қарасағыз да оның пайдадан басқа берері жоқ.
Сері Әбілхан,
АХАЖ қызметкері:
– Келіншегіммен отау құрғаныма 2 жылдан асып барады. Бір ұлым бар. Қайда барса да басына таққан орамалын шешпейді. Қазір көпшілік келіндер үйде ғана орамал тағып, қызметте немесе қонаққа барғанда шашын әрлеп шығады ғой. Бұл дұрыс емес деп те айта алмаймын. Алайда келіншегім дүкенге, базарға, серуенге шыққанда, тіпті той кештеріне де сәнді орамалымен жанымнан табылады. Келіндік міндеті мен қазақи келбетін сақтаған жарымның бұл стилі маған әлбетте ұнайды. Туған-туыс пен көпшіліктің алдында осылай абыройымды асқақтатуының себебі біріншіден төркінінен алған тәрбиесі мен санасынан болса, екіншіден маған деген сыйластығының көрінісі деп білемін.
Дана Махамбаева,
әнші:
– Біздің қазақ қыздары ұлтына тән қазақи болмысымен жүруі керек. Иә, қазақтың келіншектері орамалсыз жүрмеген. Жас қыздардың көбіне басы ашық болған, қолаң шашын екі жағына өріп, шашбау таққан, қонаққа барғанда сәнге сай бөрік киген. Апаларымыз кимешек киді, қазір де киіп жүр. Сол секілді келіншектер басына орамал тартады, солай тастамай жүрсін. Ал мен ең біріншіден әншімін. Әрине, әншілер орамал тақпауы керек деген қағида жоқ. Өз басым, халық алдына орамал тағып шыққаным жоқ. Ел мені осы ашық күйімде танып, қабылдап қалды. Сондықтан орамал тағып шықсам, түсінбей қалуы мүмкін ғой.
P.S. Келін – бүгінгі ана, ертеңгі ене. Осы тұста қазақтың сүйікті перзенті,ақын Қадыр Мырза Әлінің «Алмас жерде қалмас» кітабындағы «Келін, келін кердеңдеме, сен өзің де ертеңгі ене» деген өлең жолдары еріксіз есіңе түседі. Ал қазіргі кейбір келіндер өз-өздеріне сыртынан қараса, келешек ене болғысы келмей қалар ма еді, кім білсін?! Ал келін әдебі ене талабымен үйлесім тапса, отағасының да көңілі толысып, бір отбасы бақыт ошағына айналар, бәлкім. Сіздіңше қалай?

Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ