Аптап ыстық, нөсер жаңбыр, дауыл: 5 облыста дабылды ескерту жарияланды
Еліміздің бес облысында ауа райына байланысты дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Sputnik.
Қостанай облысында кей жерлерде ертең найзағай, дауыл, бұршақ, солтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с болады.
Түркістан облысында күндіз оңтүстік батыстан күші 15-20 м/с жел соғып, 41°С қатты ыстық болады.
Қызылорда облысында 10-11 тамызда дауыл, бұршақ, солтүстік, солтүстік-шығыстан екпіні 25 м/с жел соғады. 10-12 тамызда Қызылорда облысының кей жерінде найзағай ойнайды. 10 тамыз күндіз Қызылорда облысының басым бөлігінде 42°С қатты ыстық сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысында ертең солтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Күндіз кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады, кей жерлерде найзағай, дауыл болады. Күндіз кей жерде бұршақ жаууы мүмкін.
Петропавл қаласында 10 тамызда солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді, найзағай, дауыл болады. Күндіз бұршақ жаууы ықтимал.
Шығыс Қазақстан облысында ертең 30-35 градус ыстық болады, кей жерде найзағай жарқылдайды, оңтүстік-шығыстан күші 15-20 м/с жел соғады.