Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның басым бөлігінде дауыл соғып, бұршақ жауады

Қазақстанның басым бөлігінде дауыл соғып, бұршақ жауады

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің мәліметтеріне қарағанда, бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады. Тек батыста және оңтүстік-батыста жауын-шашын болмайды. Кей жерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейіп, дауыл соғады, сондай-ақ бұршақ жаууы мүмкін.деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Атап айтқанда, Павлодар облысында 15-20 м/с екпінмен соққан желдің жылдамдығы 23-28 м/с күшейеді. Кей жерде дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде желдің екпіні 23-28 м/с жетеді, кей жерінде дауыл соғып, бұршақ жауады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде дауыл соғып, бұршақ болуы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерінде тұман түседі.

Қостанай облысының кей жерінде бұршақ жаууы мүмкін, желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады.

Алматы, Ақмола облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Ақмола облысының кей жерінде күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Жамбыл облысының кей жерінде күндіз дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін, желдің күші 15-20 м/с артуы ықтимал.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерінде күндіз жел шаңды дауылмен көтеріліп, 15-20 м/с екпінмен соғады.

Қарағанды облысының кей жерінде түнде жел 15-20 м/с жетеді.

Сондай-ақ Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Қызылорда, Атырау, Ақтобе, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады
19 маусым 2018 ж. 1 433 0

Қара шаңның қасіреті

17 қаңтар 2025 ж. 56

Есірткі туралы ертегі

17 қаңтар 2025 ж. 58

Сиқырлы гүлдің арбауы

16 қаңтар 2025 ж. 101

Есірткі туралы ертегі

16 қаңтар 2025 ж. 117

Адалдық

16 қаңтар 2025 ж. 102

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031